Криминалистика
үстара, ашкыштар, фомкалар, үшкірленген тиын ақшаларды, табу мақсатында жүргізіледі. Үстау кезінде ұрланғандығы өзіне мәлім емес жәбірленушілер де болуы мүмкін, сондықтан олар- ға өздерінің заттарын тексеру ұсынылуы керек. Қылмыскер үрлык үстінде ұсталынбаса, белгісіз болса, ең алдымен жәбірленушіден жауап алынады, куәлар мен өз көзімен көрушілер аныкталынып олардан жауап алынады, ұрланған зат- тар жатқан жерлер каралады, қажетті жағдайларда оқиға бол тан жерге карау жүргізіледі. Ұрлыкты тергеу тәжірибесі осы кылмысты инсценировка- лау жағдайларынын кездесуін көрсетеді. Үрлыкты инсцениров- калау мүмкіндігіне байланысты болжаулар окиға болған жерді қарау барысында негативті жағдайларды аныктаған кезде-ақ пайда болады: қажетсіз есікті бұзу белгілерінің болуы, үй-жай- дың сыртқы жағында сынған әйнек бөлшектерінің болуы, кесілген ілмелі құлып табылған жағдайларда металл үнтақта- рының болмауы және сол сиякты. Мүндай болжаулар арызда- нушыдан жауап алу кезінде де пайда болуы мүмкін. Арыздану- шы ұрланған заттың көлемі, сактау орны туралы, ұрланған зат- тың белгілері туралы көрсетпелер беру кезінде шатасып, қан- дай да бір мән-жайларды көңілге қонымсыз түсіндіруінен көрінеді. Айтылған инсценировкаланған кылмыс туралы жорамал отбасы мүшелерінен, көршілерінен, қызметтестерінен жауап алу кезінде де пайда болуы мүмкін, егер олар арызданушының от- басындағы нашар жағдайы туралы, оныңспирттік ішімдіктерді ішетіндігі туралы хабарласа, сонымен катар, ұрланған құнды- лықтардың оның иелігінде тіптен болмағандығы туралы көрсет- пелер берсе. Инсценировка туралы акпарат жедел кайнар көздерден, аза- маттардын хаттарынан арызданушы жасалынған ұрлык туралы хабарламаға дейін біреумен жалған арыз беру туралы, осының алдында мүлікті сактандыру туралы шарт жасағандығы туралы, ұрланғансымақ заттарды сату жолдары туралы сөйлескендігін көрсететін мәліметтерден алынуы мүмкін. Тергеу жоспарында инсценировкаланған ұрлык туралы бол- жауды тексеру максатында куәлардан жауап алу әрекеттері карастырылады. Жауап алу кезінде арызданушы ұрланды деген заттарды немесе құндылықтарды саткандығы, ол затты біреуге сыйға тартпакшы болғандығы туралы, кылмыс жасалған кезде 395
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==