Криминалистика
жәбірленушіден, куәдан, көзімен көрушілерден немесе көр- шілерден жауап алу кезінде ұрлық жасауы мүмкін қылмыс- керлерді нақты көрсетуі арқылы ұстау жағдайлары кездеседі. Осындай жағдайлардатергеуді жоспарлау ұсталған сезікті адам- дардың тергеліп жатқан окиғаға қатыстылығын көрсететін дәлелдемелерді анықтау мен жинауға және де үсталған адам- дардың бұрын жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатысты- лығын тексеруге бағытталады. Бұл істер бойынша жоспарлау болжауларды ұсынуға, тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, оларды тексеруге бағытгалады. Көп жағдайларда кылмыскер қылмыс жасағаннан кейін жа- сырынып үлгеріп, тергеудің басында сезіктінің белгісіз болу жағдайлары жиі кездеседі. Мүндай жағдайларда болжауларды ұсынғанда және тергеу жоспарын жасағанда кажетті дәлелде- мелерді жинауға, сезіктіні аныктау мен ұстауға көңіл бөлінеді. Осындай жоспар бойынша жұмыс істегенде ең бастысы ұрлық жасауы мүмкін адамдарға катысты болжауларды ұсыну мен тек- серу болып табылады. Яғни, жасалған қылмыстың мән-жайла- ры ескеріліп, оларға егжей-тегжейлі талдау жүргізіледі және де осындай қылмыстарды бүрын ашу кезінде жиналған тергеу тәжірибесі қолданылады. Бұларды есепке ала отырып, жоспар- да келесі тұлғалармен ұрлықтың жасалу мүмкіндігін қарасты- ратын болжаулар ұсынылуы тиіс: • сәйкес кылмыстар үшін сотталғандар, күмәңді өмір сүретін (маскүнемдер, шығу тегі белгісіз заттарды сату арқылы өмір сүретіндер, үйінде қонбайтындар және т.б.) бүрын сотталмаған түлғалар; • қылмыс жасау мақсатында қалалар мен облыстар арасын- да көшіп жүретіндер; • бас бостандығынан айыру орындарынан қашқандар; • көршілес территорияларда осыған ұқсас қылмыстар жаса- ғандар (кол сұғушылыктың объектісі мен затын тандау ерек- шелігімен, кылмысты жасау уақыты және қылмыскердің басқа да әрекеттерімен аныкталады). Тергеу жоспарында куәлардың көрсетпелерін, табылған іздерді және баска да заттай дәлелдемелерді қолдану мәселелері маңызды орын алу керек. Егер өз көзімен көрген куәлар қылмыскердің түрін есінде сактап қалса, онда криминалист- мамандарға фоторобот жасап көбейтіп, оларды барлық жедел- іздестіру бөлімдеріне, учаскелік инспекторларға, патрульды 393
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==