Криминалистика
мүмкін: үрлык материалды жауапты тұлғаның қатысуынсыз бөтен адамдармен жасалды; үрлық осы объектінің кызмет- керлерімен, бірак материалды жауапты тұлғалармен емес; кемшіліктерді жасыруғатырысатын материалды жауапты тұлға- лардың көмегімен бөтен адамдардың ұрлықты жасауы. Жеке меншікті, азаматтардың жеке мүлкін ұрлауды терге- ген кезде ішкі істер органдарына белгілі ұрлыкшы гастролер- лер, тіркеуде тұрған ұрлыкшы-қылмыскерлер, калтаға түсуші- лердің катыстылығы туралы болжаулар ұсынылады. Ұрлык кылмыстарын тергеу мен ашудың нәтижелігі тергеушінің осы іс бойынша жұмыс істейтін криминалдық по- лицияның жедел қызметкерінің жұмыс сапасына, тергеу әрекеттерінің жедел-іздестіру шараларымен сәйкес келуіне бай- ланысты. Сондыктан тергеу жоспарында тергеу әрекеттерімен қатар жедел-іздестіру жолымен аныкталатын мән-жайлар көрсетіледі. Осы мән-жайларды аныктауға бағытталған накты әрекеттер тергеу жоспары мен іс бойынша жүргізілетін жедел- іздестіру шараларының жоспарларында өзара келісілініп көрсетіледі. Бүл жоспарды құру мен жүзеге асыру криминал- дық полиция қызметкеріне жүктеледі. ¥рлық қылмыстарын тергеу барысында төмендегідей ситуациялар байқалынады: 1 - ситуация — ұрлық жасауда сезікті адам ұсталған. Ол оқиға болған жерде немесе тікелей қылмыс жасалғаннан кейін ұста- луы мүмкін; 2- ситуация — кылмыскер ұсталмаған, дегеймен ол туралы мәліметтер бар, мысалы, жәбірленушінің туысы немесе таны- сы болып табылады; 3- ситуация — кылмыскер жөнінде ешбір мәлімет жоқ. Тергеу ситуациясына байланысты тергеу жоспары келесідей мәселелерді қарастыруы керек: • сезікті болмаған жағдайларда - үрлық және ұрланған зат- тардың белгілері туралы мәліметтерді полиция органдарына хабарлау; ұрланған затгарды тіркеуге алу және оларды өткізу жолдарына мүмкіндігінше жол бермеу; жасалынған ұрлық ту ралы мәліметгерді білетін түлғаларды және ұрлық жасаған адам- дарды анықтау; кылмыс жасалынған жерден табылған іздерді аныктау және оларды тіркеу бойынша тексеру; ұрлыктың мән- жайы мен оны жасаған адамдар туралы (ұрлык объектісіне кім қызығушылык танытты, кылмысты жасау үшін қолданылған құрал-жабдыктарды колдануға кімнің мүмкіндігі болды және 391
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==