Криминалистика
ұрлыктың жасалғандығы туралы жедел-іздестіру сипатындағы мәліметтерді алу арқылы да козғалуы мүмкін. Ұрлық жөніндегі істерді қозғау негіздеріне — ұрлыктын болғандығын куәланды- ратын мәліметтер және ұрлық фактісі бойынша тергеу жүргізу керек екендігін сипаттайтын мәліметгер танылады. Осындай мәліметгерді алу үшін жәбірленушіден, ұйым өкілдерінен және баска да түскен арыздарды тексеру қажет. Тәжірибелер көрсет- кендей, ұрлық туралы арыздар мен хабарларды тексеру — кыл- мыстык істерді козғау туралы сұрақтарды дұрыс шешудің, осы кылмыстарды тез арада және толык ашу мен тергеудін міндетті шарты болып табылады. Ұрлық туралы арыздарды дұрыс тек- сермеу кылмыстық істі негізсіз қозғауға немесе козғаудан негізсіз бас тартуға әкеп соғады. Казакстан Республикасының КІЖК-нін баптарына сәйкес ұрлык туралы арыздарды тексеру үшін: жасалынған ұрлык ту ралы мән-жайларға қатысты толықтүсініктеме алу керек (нак- ты қаңдай зат жоғалды, олардың жоғалғандығы кандай жағдай- ларда аныкталды, жәбірленушінің ұрлық жасауы мүмкін деген адамдар туралы пікірлері бойынша). Қылмысты ашу үшін ма- ңызы бар заттар мен кұжаттар (ұрланған сағаттың паспортын, ақша ұрланған кезде төлем карточкалары т.б.) сұралуы тиіс. Тексеру шараларын жүргізу нәтижесінде ұрлықтың жасал- ғандығын куәландыратын мәліметтер алынса, кылмыстық іс қозғалады және тергеу жүргізіледі. Тергеу барысында келесі мән-жайлар аныкталады: ұрлык орын алды ма, оны инсцени- ровкалау болған жоқ па; ұрлық қайда және кашан жасалынды; не ұрланды; ұрланған заттың белгілері, бағасы (қүны) қандай; қылмыспен келтірілген зиянныңмөлшері кандай; ұрлықжасау- дың әдіс-тәсілдері мен кұрал-жабдықтары; кім ұрлады (орын- даушы мен азғырушылар, олардың мінездемесі); ұрланған зат- тарды кім өткізді және кайда; келтірілген зиянды өтеу үшін не істеу керек; ұрлықтың жасалуына мүмкіндік туғызған жағдай- лар. Тергеу жоспарының негізін мазмұны үрлықтыңсипатымен, оны жасау тәсілдерімен және тергеу жүргізушіде бар мәлімет- термен аныкталатын болжаулар күрайды. Мәселен, мемлекетгік мүлікті ұрлау кезінде келесідей жалпы болжаулар ұсынылады және тексеріледі: үрлык шынымен орын алды; ұрлык болған жок; арызданушы шатасуда; ұрлықтың жасалғандығы жалған. Одарды тексеру барысында жеке болжаулар да үсынылуы 390
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==