Криминалистика
қымдау (закым келтіру) қасиеті; жәбірленушінің хал-күйі мен жағдайы; айыпкердің қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі жүріс-тұрыс мінез-құлқы (қылмыс жасауға және оның ізін жасыруға дайындалу әрекеттері, болмаса керісінше жедел- жәрдем «шакыруға», жасауға және т.б. әрекеттенуі); айыпкердің психикалык ерекшеліктері және оның қылмыс жасаған сәттегі психикалық жағдайы, адам өлтіру қылмыстарын жасау кезіңдегі оның физикалық хал-күйінің ерекшелігі; • Айыпкердің жәбірленушімен қарым-қатынасы, жеке бас араздығының болуы немесе болмауы (өштесудің, жанжалдың, корқытудың және т.б.), жәбірленушінің өліміне байланысты пайдакүнемдік ниеттің немесе басқа да жеке басына катысты мүдденің болуы; • Жәбірленушінің өлер алдындағы және қылмыс жасалу кезіндегі жүріс-тұрысы мен мінез-құлқы (жәбірленуші жағы- нан балағаттаудың, шантаж жасаудың, арандатудың және т.б. болу, болмауы). Тергеушініқ қорытынды кезеніндегі басты мәселесі кылмыстық істі кейінгі сот-тергеуіне жіберуге байла нысты негізді, әрі дүрыс шешім қабылдау болып табылады. Бүл шешімді кабылдау алдын ала дайындык жұмыстарын кажет етеді. V т а р а у ҮРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫН ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМСІ §1. Үрлыктын криминалистикалык сипаттамасы Үрлық дегеніміз - бөтеннін мүлкін жасырын түрде алу бо лып табылады. Үрлыктың криминалистикалык сипаттамасын келесідей жағдайлар құрайды: • ұрлык кылмыстардың ең кең тараған түрі; • ұрлык кұпия түрде жасалынады, қылмыскер көп жағдай- ларда белгісіз болып табылады; • осы кылмыстың сипатты белгісі болып тікелей касақана- лықтың болуы танылады, үрлық касақана кейде алдын ала дайын- дықтан кейін жасалынады; • үрлық жасау тәсілі әр түрлі; • ұрлықтың заты болып кез келген мүлік танылады (акша, затгар, өзге де материалдық күндылықтыр). 387
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==