Криминалистика
Адам өлтіру кылмыстарын тергеу (мәйіт табылмаған) кезінде сезіктілер (айыпкерлер), жоғалған тұлға тірі бірақ кандай да бір себептермен жасырынып жүрдеген ойда болады. Сөйтіп олар келесі жауап алу барысында ауырлататын жағдайларда жасаған қылмыстыкәрекеттерін жасырып, оларды жеңілдететін жағдай- ларға бағыттай отырып, қылмысқа кінәлі екендіктерін мойын- дап жауап беруге мәжбүр болады. Мұндай жағдайларда жауап алудың мақсаты - жауап аду барысында алынған барлык факторлардың нактылығын және олар жөніндегі мәліметтердің нағыз көздерін анықтау, осыған байланысты берілген жауаптарды нақтылау мен іріктеп тек- серудің маңыздылык ерекшеліктерін анықтау. Мәселен, алын- ған жауаптарды талдап текссру көмегімен жалған алибилер мен қылмысқа басқа тұлғалар катысқандығы жөнінде жауаптарды әшкерелеуге болады. Жәбірленуші мен кінәлі тұлғалардан жа уап алу барысында ауырлататын жағдайларды, болмаса жауап- тылықты жеңілдететін және т.б. жағдайлардың болуын нақты- лау тергеліп отырған іске байланысты негізгі корытындылар жасауға мүмкіндіктер туғызады. Сезіктіден (айыпкерден) жауап алу кезінде барлық уақыт- тарда шынайы, нақты жауаптар алына бермейді, көбіне дәлелді жауаптар тергеушінің қолында бар мәліметтерді дәлелдеме рстінде ұтымды пайдалану жолымен алынады. Осыған байла нысты жауап алудың мынандай ерекше маңызды тактикалық тәсілдері бар: жауап алынатын тұлғаны логикалык әңгімеге Тар ту аркылы оның сезімін ояту; оны дәлелдемелерді тексеруге қатыстыру; тергеу аркылы алынған фактілердің мағынасын түсіндіру. Жауап алынатын тұлғалардың жеке басы мен тергелетін іс бойынша пакты бір жағдайларға байланысты баска да тактика- лык тәсілдер колданылады. §5. Келесі тергеу кезеңдерінін міндеттері (максаты) Тергеу барысында айыпкер регінде кылмыстык іске тарты- латын тұлға анықталған жағдайларда тергеудің жаңа кезеңі бас- талады. Тергеудің бұл кезеңінің міндеті қылмыскерді әшкер- леу және олардыц кінәлілігін дәлелдеу. Айгақтарды оқига болган жерде тексеру мен нақтылау. Сезіктінің берген жауаптары мен көрсетпелері дәлелдеменің негізі болып табылады. Жауап алу кезінде дәлелді жауаптар 25-846 385
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==