Криминалистика
леді. Шаш, кан іздерін және ағзадан бөлініп шығатын баска да іздерді зерттеу үшін сот-биологиялык сараптама тағайындала- ды. Мәйіттің тырнағының астынан, болмаса қылмыс күралы- нан оныңбөлшсктері немесе ішкі орган үлпалары табылған кез- де, олардың пайда болуы мен тобын анықтау мақсатында цито- логиялык зерттеулер жүргізіледі. Мәйіттің және айыпкердің денесі мен киімдерінен талшык іздері табылған жағдайларда заттар мен материалдарды зерттеу сараптамалары тағайындала- ды. Оқиға болған жерден табылған қол, аяқ, көлік және бүзу қүралдарының іздері бойынша әр түрлі трасологиялық зерттеу лер жүргізіледі. Адам өлтіру кылмысының жасалу тәсілдері мен тергеліп отырған істің накты жағдайына байланысты, баллистикалық, жарылыс-техникалык, затгар мен материалдарды зерттеу, ток- сикологиялық және баска да сараптамалар тағайындалуы мүмкін. Сезікті мен айыпкерден жауап алу. Мұндай жауап алуды жоспарлау мен оны жүргізудің тактикасы тергелетін қылмыс жағдайына, тұлғаның жеке басы туралы жиналған мәліметтер мен дәлелдемелерге қарамастан қүрылады және тандалып алы- нады. Кылмысты жасау үстіндегі немесе оны біте салып ұсталған сезіктілер мен айыпкерлерден жауап алу кезінде, олар қылмыс- тың жасалуына өзінің кінәлі екендігін жокка шығармайды. Мұндай жағдайларда жауап алудын максаты жасалған кылмыс- тың ниеті мен баска да жағдайларын анықтау болып табылады. Адам өлтіру қылмыстары белгісіз жағдайларда, кылмыс жа- салған кездерде сезіктілерден жауап алу барысында, олар көбінде осы қылмысқа катыстылығы жөнінде тергеушілерде кандай дәлелдемелердің болуы мүмкіндігін аныктауға тырыса отырып, соған байланысты өздсрінің кінәсін мойындап, болма са мойындамай жауап береді. Тергеу кезінде әр түрлі фактор- лардың ықпал (эсер) етуіне байланысты сезіктілер (айыпкер- лер) бұрын өздері берген жауаптарынан бас тартып, болмаса бұрын жокка шығарған факторларды мойындап немесе өзара сөз байланыскандыктарын мәлімдеп жүріс-түрыс бағыттарын өзгертулері мүмкін. Өздерініңкінәлілігін мойындамау (теріске шыгару) кезінде сезіктілер (айыпкерлер) жалған алибилер құрады, қылмысты баска тұлғалар жасады деп мәлімдейді; болмаса өзін-өзі өлтірген ңемесе бақытсыздык жағдайға душар болған деп жауап береді. 384
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==