Криминалистика
жәбірленуші тірі кезінде қандай аурулармен ауырған; қанша рет операция жасалған; ішкі ағзаларында кандай да бір патология- лық езгерістер мен аномалиялық кемістіктер бар ма; тіс қүры- лысының ерекшеліктері; жәбірленушінің канының түрі мен тобы кандай; • Сезіктінің жеке басына қатысты: жәбірленушінің жыныс- тық мүшесінен табылған қан дақтары мен ағза іздері қандай топқа жатады; мәйітті бөлшектеген түлғаның анатомия саласы- нан және техника бөлімінен тәжірибесі болған ба; мәйітті бөлшектеген адам солақай емес пе; • Қылмыстың ниеті мен мақсаты бойынша: мәйіттің денесінде күш қолданып жыныстық қатынасқа түсуді сипаттайтын іздер бар ма; түсік тастау белгілері жок па; келтірілген дене жарақат- тары кинау арқылы салынғандығын сипаттайтын белгілер бар ма; олар жәбірленушіні ерекше азаптаумен жасалған жоқ па; • Тергелетін оқиғаны бүркемелеуге байланысты: мәйіт қалпы өзгеріске ұшыраған ба; жәбірленушінің денесіндегі жарақат- тар оның өзіне-өзі кол жұмсауы арқылы келтірілмеген бе; жәбірленушідегі дене жарақаттары оның киіміндегі зақымдар- мен сәйкес келе ме; егер сәйкес келсе оны немен түсіндіруге болады; жәбірленушінің мойнына ілмек, жіп байланған ба; мәйіт табылған жер қылмыстың жасалған жері ме, жоқ па және т.б. сұрактарды анықтауға бағытталуы тиіс. Мәйітті сот-медициналык зерттеулер барысында сарапшы- ның алдына косымша сұрактарды қоюға байланысты фактілер аныкталуы мүмкін, бұл фактілер дереу тексерісті қажет етеді. Бөлшектенген мәйітті зерттеу, сондай-ақ бірқатар күрделі сұрақтарды шешу кезінде медицина ғылымы саласынан әр түрлі танымды талап стетін жағдайларда комиссиялык сот-медици- налык сараптама тағайындалады. Мұндай сұрақтарды шешу үшін баска да ғылым салаларын бір уақытта қолдану кажет бол тан жағдайларда кешенді зеттеулер жүргізіледі. Мәйіттің денесіндегі октың кірген және шықкан санылаулары бойынша сұрақтарды шешу, сондай-ақ оқтың саны мен ату арақашықты- ғын анықтау үшін кешенді сот-медициналык және баллистика- лық сараптама тағайындалады. Мәйіттің сүйегіндегі іздер бо йынша қылмыс құралдарын тендестірулер кешенді медицина- криминалистикалық (трасологиялық) сараптамамен жүзеге асы- рылады. Адам өлтіру қылмыстарын тергеу барысында сот-медицина лык сараптамамен катар, зерттеудің басқа да түрлері жүргізі- 383
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==