Криминалистика
Жәбірленуші мен сезіктініңтізімдегі куә ретіндегі таныста- ры, көршілері мен қызметтестерінен жауап алу, тәртіп бойын- ша: айыпкер мен оның құрбанының жеке басымен, сондай-ақ қылмыстың жекеленген жағдайларын анықтауға байланысты сұрақтар бойынша жауап алынады. Сезіктінің туыстарынан жауап алу кезінде жоғарыда атал- ған сұрақтардан баска да, яғни оның қылмыс жасамай тұрып және қылмыс жасағаннан кейінгі жүріс-тұрысы, қылмыстың ізін жасыруға байланысты әрекеттері туралы мән-жайлар анық- талады. Сот-медициналық сараптама. Кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттерінің ішінде адам өлтіру қылмыстары бойынша өлімнің болу себептері мен дене жаракатгарының сипатын анық- тауда сот-медициналык сараптаманың алатын орны ерекше. Сонымен қатар, сот-медициналықсараптаманың шешіміне бұл жалпы сұрақтардан басқа да мән-жайларды аныктауға бағытта- лған сұрақтар жатады, яғни олар іс бойынша тергеу әрекетіндегі құрылған болжауларға байланысты келесідей: • Жасалгаи қылмыс жагдайы бойынша: өлімнің себебі мен болу уақыты; мәйітте дене жарақатының болуы немесе болмауы, олардың саны, пайда болу механизмі мен сипатын; қандай жа- рақаттірі кезінде, ал қайсысы өлгеннен кейін келтірілгендігін; дене жарақатын салудың кезектілігі, жарақат келтіру кезінде жәбірленуші қандай күйде болды; дсне жарақатынан кейін оның қозғалып-жылжуға, қарсы әрекететуге қабілеті болды ма; дене жаракатының қайсысы өміріне қауіпті болды; соқкы кандай күшпен берілді; мәйітте корғану немесе арпалысу белгілері бар ма; • Оқиғадан бұрын болған жағдайларга байланысты: жәбірле- нушінің қанында ішімдік құрамы бар ма және жиналған ішімдік құрамына оның мае болу дәрежесі сәйкес келе ме, жәбірленуші өлер алдында тамақ ішкен бе, тамақтанған уакыты қашан және қандай тамак түрін ішіп-жеген, жәбірленуші қайтыс болар ал дында жыныстық қатынаста болған ба; • Кылмыс құралы бойынша: жәбірленушіге дене жарақаты бір әлде бірнеше кару кұралын қолдану арқылы салынған ба; бұл күралдардың түрі, формасы, өлшемі кандай; дене жарақа- ты сараптамаға ұсынылған құралдардан болған ба; • Жәбірленушінін жеке басын анықтауга байланысты: бөлшектенген мәйіттің бөлшектері аталып отырған накты бір тұ^іғанікі ме, жәбірленушінің жынысы, шамамен жасы кандай; 382
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==