Криминалистика
ған оқиғаға назар аударуына кандай себептер болғандығы; окиғаның пайда болу механизмі мен кезектілігі; қылмыскердің саны; олардың аты-жөндері және (сол кездегі кылмыскерлердің өзара атаған) лақап аттары; олардын әрқайсысының жасаған әрекеттерінде кұрал ретінде пайдаланған қарулары мен баска да заттары; жәбірленушінің мінез-құлкы мен қарсыласу сипа- ты; айыпкердің қылмыс жасап болғаннан кейінгі әрекеттері аныкталады. Егер жауап алу барысында куә жәбірленушінің, болмаса айыпкердің бет-әлпеті оған таныс екендігі туралы мәлімдесе, ол бұрын осы түлғалармен қайда және кандай жағ- дайларда кездескендігі туралы аныкталады. Мәйітті алдымен тауып алған немесе көрген тұлғалардан жауап алудын мақсаты мәйіт табылған сәтген бастап болған оқиғаларды, сондай-ак оқиға болған жерді қарауға жедел-тобы келгенге дейінгі ол жердің жағдайын деталіне дейін анықтап білу. Көрсетілген тұлғалардан жауап алу кезінде: олардың мәйітті қаңдай жағдайларда тауып алғандығы; сол сәтте мәйіттің жанында немесе окиға болған жердін маңында кімдер болған- дығы, олар қай бағытқа карай кеткендігі және олардың қандай белгілері бар екендігі: мәйіт табылған кезде ол тірі болған, я болмағандығы; мәйіттің жату калпы мен оны қоршаған орта- ның жағдайы туралы сондай-ақ, куә мәйітке жакындады ма, оны өзгерткен жок па; окиға болған жерге полиция кызметкерлері келгенге дейін, ол баска жакка (жерге) барып келмеді ме және сол уакытта мәйіттің жанында кім қалғандығы жөніндегі мән- жайлар анықталады. Жәбірленушінің туыстары мен таныстарынан жауап алудың максаты - мәйіттің жеке басын, оның басқа түлғалармен қарым- қатынасын, соның ішінде сезіктімен (егер олар бұрын таныс болса), сонымен катар, кылмыстын ниетін аныктау. Бұл тұлға- лардан жауап алу барысында жәбірленушінің жүріс-тұрыс, мінез-кұлқының сипаты, оның туыстары, достары, таныстары, қызметтестерімен өзара карым-қатынастары, өмір сүру бейнесі, күн тәртібі, оның өмірінің сонғы күніңдегі жағдайы мен өлер алдындағы күн кезендеріндегі жүріс-тұрыс кылыктары анык талады. Егер куәлардан жауап алу барысында олар нақты бір тұлға- ларға қатысты кандай да бір сезік келтіретіндігін, болмаса кыл мыстын ниеті жөніңде жорамалдарын мәлімдесе, міндетті түрде онын сезік келтіру мен жорамалының неге негізделгендігін аныктау қажет. 381
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==