Криминалистика
лык сұрақтарды шешу үшін окиға болған жерде, сол жердегі және баска да объектілер алдын ала зерттеуді қажет етеді. Мұн- дай зертгеулер тергеуші мен қарау әрекетіне шакырылған ма- мандарға жүктеледі. Жарылғыш заттарды қолданумен байла- нысты адам өлтіру қылмыстарын тергеу барысыңда пиротехни ка мамандары «жарылғыш заттардың орталығы» — деп тапқан жерді ескере отырып тергеуші карау шекарасын аныктайды; «ізі суымаған» қылмыстар бойынша қылмыскердің ізіне түсу, өлімнің болу уақытына байланысты сот-медицина мамандары- ның мәйіттік құбылыстарды зерттеу негізіне сүйене отырып аныкталады: қылмыс күралы мен кылмыскердің өзін іздестіру шаралары криминалист мамандардың сәйкес іздерді зерттеу барысында анықталған белгілерді ескере отырып жоспарлана- ды. Тергеу карауын жүргізу барысында тергеуші негативтік жағдайларға көңіл бөлуі қажет. Окиға болған жерге инсцени ровка жасалғандығын куәландыратын жағдайлар: коршаған орта жағдайына жәбірленушінің өліміне себеп болатын сәйкес белгілердің, іздердіңболуы немесе керісінше болған оқиғаға жат бөгде іздердің болуы. Барлық негативтік жағдайлар оқиға бол тан жерді қарау хаттамасында толык, әрі накты сипатталып жа- зылуы кажет, осының негізінде тергеуші тергеу болжауын құрады және сәйкес болжауларды тексереді. Танылмаган мәйіттін жеке басын анықтауда жүргізілетін әре- кеттер. Егер, мәйітті карау барысында оның жеке басын куә- ландыратын күжаттар табылмаса және окиға болған жердегі тұлғалармен танылмаған жағдайларда, тергеуші мәйіттің жеке басын анықтауға байланысты шаралар колданады. Осындай мақсатпен мәйіт жеке тұлғаларға (пәтер иелерінің кооперативі (КСК) қызметкерлеріне, учаскелік полиция инс- пекторына, жакын аумақтың тұрғындарына) тануға көрсетілуі мүмкін. Егер бұл шараларды жүргізу нәтижесінде жәбірлену- шінің жеке басы туралы мәліметтер алынған жағдайларда, мәйіт оның туыстарына, таныстарына, бірге жұмыс істейтін кызмет- тес әріптестеріне Қазакстан Республикасынын ҚІЖК-ніңбап- тарының талаптары мен тәртіптері бойынша тануға көрсетіледі. Берілген тергеу әрекетін жүргізудің бірқатар ерекшеліктері бар. Мәселен, мәйітті тануға көрсету әрекеттерін жеке ғимараттар- да, яғни мәйітханада жүргізу шаралары үсынылады. Мәйітті тануға бірнеше адамдар келген жағдайларда, олардың арасы- нан бүл ауыртпалықты барынша көтере алатын адамға ғана көрсетілуі қажет. 379
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==