Криминалистика
Мәйіггің уланғандығын көрсететіндей жағдайларда, мәйітті қарау кезінде - оның денесіндегі және киіміндегі химиялык заттардың іздері, сондай-ақөлімніңбелгілі бір уландырғыш зат- тан болғандығы, ерекше иістердің, мәйіттік құбылыстардың болуы хаттамаға белгіленіп, сипатталады. Судан шығарылған мәйітті қарау кезінде, оның денесіндегі жарақаттарды бекітуден баска да, мацерациялардың, сондай-ақ мәйіттің аузы мен мұрнының айналасында көбіктердін болуы- на көңіл аудару кажет. Окиға болған жердегі қан іздерінің сот-медициналық қана емес, сонымен қатар криминалистикалық маңызы бар екендігі міндетті түрде ескерілуі тиіс. Оларды зертеу негізінде тергеу жағдайына маңызды мынандай мән-жайлар: қылмыстың жасал- ған жері, оның механизмі, жәбірленушіге дене жаракатын салу кезіндегі оның күй-жайы және т.б. аныкталады. Табылған кан іздері, олардын саны, мөлшері, көрінісі, олардың сипаты, аккан каннан қалған із, қанның жиналуы, канның тамшысы, шашы- рауы, жағылуы, пішіні және жиектерінің формасы, толық көрсетіле отырып хаттамаға бекітіліп жазылады. Бүл іздерді та- сушы көп жағдайларда жәбірленушінің киімі, мәйіттің денесі және кылмыс күралы болады. Мәйіттің киімі мен денесінен кылмыскердің киімінің талшыктары, тырнактарының арасынан кылмыскердіңтерісініңүлпалары (тканьдері), шаштары, мәйіт- тің жаракаттарынан — кылмыс күралынан бөлініп калған шыны, металл, ағаш бөліктері т.б., ал кылмыс күралдарынан - мәйіттің ішкі органдарының іздері табылуы мүмкін. Сонымен катар, қыл- мыстың жасалған жерін, болмаса мәйітті жасырған жерді, жәбірленушінің мамандығын анықтауға мүмкіндіктер беретін микрообъектілер мәйіттің денесі мен киімдерінен табылуы ыктимал. Оқиға болған жердегі кылмыстық іздерді табу, бекіту алу және зерттеу үшін криминалистикалык техника күралдарын тергеу әрекетіне пайдалану, жоғары мамандыкты талап етеді. Мәселен, ультракүлгін жарықтандырулары арқылы органика- лық және бейорганикалык заттардың іздерін анықтауға бола ды; электронды-оптикалық күрылғылар көмегімен жәбірлену- шінін киіміне төгіліп жағылған каннан жакыннан ату іздерін табуға болады. Қылмыс кұралын және жәбірленушіден ұрлан- ған заттарды іздестіру кезіндетралдар, бұрғылар, магниттік және м^таліздегіштер қолданылады. Карау кезінде бірқатар техника- 378
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==