Криминалистика

Содан соң хаттамаға белгілі бір кезектілікпен мәйіттің денесі мен киімдері, олардан табылған заттар және оның жатқан аумағы сипатталып жазылады. Мәйіттің киімлерін карау барысыңда, оның киімінің жай- күйіне, оның жыл-мезгіліне сәйкестігіне және жәбірленушінің дәл осы кездегі физикалык жағдайына аса назар аудару қажет. Киімінің қалталары мұкият тексеріледі және табылған заттар, сондай-ак киімдеріндс жыртык, зақымдар, қол дақтарының іздері, баска да биологиялық іздер, балшықт.б. болса, олардың түрлері, өлшемі, формасы, нақты орналаскан жерлері толық көрсетіле отырып сипатталады. Мәйіттің денесін карау кезінде одан табылған мәйітгік құбы- лыстардың көрінісі мен оның дәрежесі, дене жарақаттары (кан болса онын тоқтағандығы), олардың саны, өзара орналасуы, өлшемі, түр-түсі денесіндегі бөгде іздер мен баска да бөлшек- тер нақты сипатталып көрсетіле отырып хатгамаға бекітіледі. Қылмыстың жасалу тәсілі керініс табатын дене жаракаты- ның сипатына байланысты мәйітті қараудын белгілі бір ерекшеліктері бар. Мәселен, мәйітгіңденесіндегі шауып-кесу- ден түскен жарақатгарды, сондай-ақ өтпейтін катты заттармен келтірілген жарақаттарды қарау кезінде жарақаттың санына, жарақатгың өзара орналасуына, өлшеміне, формасына, киім- дерінің жай-күйіне, дснссіндегі жарақаттардың киіміндегі за- қымдармен сәйкестігіне, жәбірленушініңденесіндегі арпалысу және корғаныс іздерінің болуына аса назар аудару кажет. Атыс қарулары арқылы жаракат келтірілген мәйітті карау кезіндегі мәйітгін денесі мен оның киімдеріндегі ату іздері зерт- телуге және бекітілуге жатады. Хаттамада жарақаттардың саны, олардың өзара орналасу жағдайы, өлшемі, оның жиегінің жай- күйі, штанцмарканың болуы, кескіні, пішіні, ыс шөгінділерінің, қару майларының іздері мен жанбай қалған порохтың түйір- лерінің сипаты және орналасқан жері, аумағы хаттамада көр- сетіліп бекітіледі. Ілмектен алынған мәйітті қарау кезінде, олардың мойнын- дағы странгуляциялық әжім-кыртыстарға, оның сипатына, ба- ғытына, ені мен ұзындығына, түр-түсіне, оларда ілмек материа- лының бейне-көрінісі іздерінің қалуына мұкият зер салып тек- серу керек; хаттамада мәйіттегі дақтар мен олардың орналасуы, сондай-ақ олардың түр-түсі мен баска да ерекшеліктерімен еріксіз зәр шығару кемістік іздері бекітіледі. 377

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==