Криминалистика

адам өлтіру ісі бойынша оқиға болған жерді қараудың уланды- ру және т.б. жолмен жасалған адам өлтіру қылмысын қараудан айырмашылығы ерекше. Бұған қарамастан, адам өлтіруге бай- ланысты іс бойынша оқиға болған жерге қарау жүргізудің жал- пы тактикалық үсыныстары бар. Адам өлтіруге байланысты іс бойынша қараудын негізгі объектісі — мәйіт және оның табылған жері, себебі көп жағдай- ларда онын табылған жері қылмыстың жасалған жері болып келеді. Мұндай қарау әрекетін жүргізуді тергеушінің өзі жетек- ші бола отырып кұрған топ жедел-іздестіру кызметкерлері, ма- ман-криминалист, сот-медицина саласының мамандары, яғни жедел-тергеу тобымен жүзеге асырылады. Оқиға болған жердің және нақты бір қылмыс жағдайының ерекшеліктеріне байланысты топ құрамына баска да мамандар кіргізілуі мүмкін. Тергеуші окиға болған жерге келген соң бұрынырақ келген полиция кызметкерлерініңалған мәліметтері негізінде қылмыс- ты көзімен көрген тұлғалардан сұрау алады және қоршаған жағдайды өзі қарай отырып — жедел-іздестіру шараларын жүр- гізуге нүсқаулар береді, қаралатын жердің шекарасы мен қыл- мыстык іздің негізгі шоғырланған жерін аныктайды, іске каты- сушылардын өзара атқаратын міндеттерін белгілейді. Мәйіт қаралады, қылмыстың ізі табылу мүмкіндігіне байла ­ нысты ол табылған жер мен оның аумағы қаралады. Мәйіт та- былған жерден едәуір ара кашықтықтан іске катысты іздер мен басқада объектілер табылған жағдайларда, оларды қарау өзінше жекеленген тергеу әрекетін құрайды (әрекеттерінен түрады). Оқиға болған жерде мәйіт болған кезде қарау әрекеті тәртіп бойынша орталыктан сыртка карай бағыттала отырып жүргізіледі. Мәйіттік құбылыстардын өзгеріске ұшырамай түрғанында оларды бекіту және тергеу ісіне кажетті баска да мәселелерді аныктау үшін қарау әрекеті мәйіт жатқан жерден нақты айтқанда мәйітті қараудан басталады. Мәйітті қарау барысында оның: жынысы, шамамен жасы, дене бітімі, бойы; оқиға болған жердегі жылжымайтын объектіге қатысты мәйіттің орналасу жағдайы анықталады; мәйіттің ор- наласу жай-күйі, сондай-ақ басының және аяқ-колдарының орналасу жағдайлары мен ерекше белгілері бекітіледі. Қарау кезінде мәйіт танылмаған жағдайларда ауызша суреттеу әдіс- темесі бойынша хаттамаға толық сипаттамаланып бекітіледі. 376

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==