Криминалистика

ге асыру. Мұндай жағдайларда ең алдымен оқиға болған жерді және мәйітті қарау, кылмысты көзімен көрушілерді анықтау мен олардан жауап алу, сот-медициналық сараптама тағайындау, қылмыскерді «ізі суымаған» кылмыстар бойынша іздестіру, бөгет, тосқауыл кою шараларын жүргізу, сезіктіні ұстау кезінде одан жауап алу, куәландыру, киімдерін алу және қамау, оны тануға көрсету әрекеттері жоспарланады. Бөлшектелген мәйітгің бөлшектері табылған жағдайларда тергеудің бастапкы кезеңіндегі тергеушінің жоспарлау шара- лары қылмыс кұрбанының жеке басын және қылмыстың жа- салған жерін аныктау мәселелеріне тәуелді болып табылады. Жоспарда келесі мәселелер карастырылады: мәйіттің бөлшек- тері мен оның табылған жері ; мәйіттің мүшесі бойынша жетпе- ген (жоқ) бөлшектерін іздестіру; сот-медициналық, кримина- листикалық және басқа да зерттеу түрлерін жүргізу; мәйітті та- нуға көрсету; кылмыс құрбанының, сезіктінің жеке басын анық- тауға бағытталған жедел-іздестіру шараларын жүргізу. Адамның жоғалуына байланысты козғалған қылмыстық іс бойынша тергеуді жоспарлау қылмыстың жасалу уақыты мен ол бойынша кылмыстық іс қозғалған уақыт арасындағы кеткен уакыттарды, сондай-ақ кылмыстың жасалған жеріне байланыс ­ ты мәліметтерді қылмысты жасау және оның ізін жасыру тәсіл- дерін, айыпкердің жеке басы туралы мәліметтердің жоктығын ескере отырып жүзеге асырады. Мұндай ситуацияларда тергеу жоспары адамның жоғалуына байланысты түскен арыздарды алдын ала тексеру нәтижесі есепке алына отырып күрылады. Істің мән-жайына байланысты тергеу жоспарына - хабар-ошар- сыз кеткен адамның тұрғын-жайлары мен жүмыс орындарын карауға, оның туыскандарынан және таныстарынан жауап алуға, жоғалып кеткен адам мен оны қоршаған адамдардың жеке басын зерттеуге және мәйітті іздестіруді үйымдастыруға бағыт- талған шараларды кіргізуге болады. §4. Күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған жағдайларда жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері Оқига балган жерді тексеру. Адам өлтіру ісі бойынша оқиға болған жерді караудың ерекшеліктері, қылмыстық ситуацияның ашылуымен және қылмыс жасалған жердің сипатымен қамта- масыз етіледі. Атыс каруын қолдануға байланысты жасалған 375

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==