Криминалистика
6 - ситуация — қылмыс ашылмаған, мәйіт бөлшектелген және бұл бөлшектер жасырылған. Қылмыстың барлык элементтерінің ішінен тек қылмыстың ізін жасыру тәсілі мен мәйіттің бөлшегі табылған жер ғана белгілі. Ең алдымен болжаулар кылмыстың механизм! мен оның кұрбанының жеке басы бойынша кұрыла- ды және тексеріледі. Қылмыс кұрбанының жеке басын анык- тау кезінде қылмыс жасалады деп болжанылған қылмыскер жөніндегі қажетті болжаулар ғана емес, сонымен катар оның ізін жасырғандағы туралы болжаулар құрылып тексерілуі тиіс. 7 - ситуация — адам жоғалған. Кылмыс ашылмаған, оның жоғалғанына көп уакыт болған, мәйіттің табылмауына байла- нысты, ол өлді деп жорамалданады. Өлді деп жорамалданған қүрбанның жеке басы белгілі, бірақ оған қатысты барлык баска мәліметтер, деректер (жағдайлар) анықталмаған. Жоғалу себептері жөнінде келесідей алғашкы типтік болжаулар жаса лады: біреу өлтіріп кеткен, өзін-өзі өлтірген, кылмыс жасап ту- ыстарынан және соттан бой тасалап тығылып жүр, өліп қалды немесе ауруханада баска біреудің атымен емделіп жатыр және т.б. Кылмыс жөніндегі болжау дәлелін тапқан кезде баска бол жаулар өздері-ақ шығып калады. Құрбанның жеке басын, оның өмір сүру жағдайы мен баска адамдармен карым-катынасын аныктау — кылмыстың жасалған жері мен уақыты, максаты мен ниеті, сондай-ак кылмыскердің жеке басы туралы болжаулар құруға мүмкіндіктер береді. 8- ситуация — жаңа туған нәрестенің мәйіті табылған. Кыл мыс нәрестенің шешесімен немесе оған жакын баска да адам дармен жасалуы мүмкін. Алғашкыда анықталатын мәселелер, өлімнің болу механизмін анықтау, яғни нәресте дүниеге тірі болып келді ме және оның өлімінің себебі неде (кандай). Бұл мәселелерді аныктаудан кейін міндетті түрде нәрестенің шешесін іздестіру шараларын ұйымдастыру кажет. Адам өлтіру қылмыстарын тергеуді жоспарлаудың ерекші- ліктері — тергеушілердің алдын ала тергеу барысында әр түрлі формалардағы арнайы танымдарды пайдаланулары мен жедел- іздестіру органдарымен өзара тығыз байланысынан тұрады. Жоспардың нақты мазмұны көптеген тергеу ситуациясына бай- ланысты анықталады. Мәселен, күш қолдану белгілері бар мәйіт табылған кездердегі уакыттыңтығыз кезінде тергеушінің міндеті — кылмыстың іздерін бекіту мен кылмыскерді ұстауға бағыт- та^іған тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шараларын жүзе- 374
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==