Криминалистика

• 21-жаска дейінгі ер адамдарды қасақана өлтіру қылмыста- ры тұрғын-үйлерден тыс жерлерде олардың таныстары мае күйінде жеке бас араздыктарына байланысты өшін (есебін) алу, жанжалдасу немесе төбелесу кезінде жасалған; • 5 жастан 16 жасқа дейінгі ұл балаларды қасақана өлтіру кылмыстары тұрғын-үйлерде немесе оның жанында, олардың өз әкелерімен, өгей әкелерімен, болмаса шешесімен бірге тура- тын адамдармен жасалған; • 23 жасқа дейінгі ер жынысты адамдарды өлтіру қылмыста- рының 75 %-ы жаппай демалу кезінде 17 — 22 жас аралығындағы оқиға болған жерден 1,5 км-ге дейінгі қашықтықта тұратын ер адамдармен (көбінде жәбірленушініңтаныстарымен) жасалған; • 28-ден 57-ге дейінгі жастағы әйелдерді өлтіру қылмыста- рының 50 %-ы тұрғын жайлардан тыс жерлерде жасалған, бұл қылмыстарды олардың күйеулері немесе ашыналары мае күйінде жыныстык катынасқа түсуге байланысты жасаған. 3 - ситуация — қылмыс ашылған, жақын арада жасалған, бірақ оның механизмі белгісіз. Мәйіттабылып, оныңжеке басы анық- талған. Өзін-өзі өлтіргендігі, немесе бақытсыздық жағдайдан өлгендігін, немесе өзінің табиғи өлігі жөнінде көрсететін мәліметтер бар, бірақ қылмыстың ізін жасыру үшін исцениров- ка жасау мүмкіндігі туралы күмән бар. Мұндай ситуацияларда болжаулар тергелетін окиғаның механизмі жөнінде құрылады, содан кейін қылмыстың ниеті мен кылмыскердің жеке басы бойынша болжаулар жасалады. 4- ситуация — қылмыс ашылмаған, танылмаған мәйітті тауып алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Мәйіттегі жара- қаттар кылмыстың жасалғандығын көрсетеді, бірақ мәйіт адам танымастай жағдайда болғандықтан, оны сыртқы бейне белгілері бойынша тану соншалықты киын. Мұндай ситуацияларда бол ­ жаулар алдымен қылмыс құрбанының жеке басы бойынша құрылады және тексеріледі. 5 - ситуация — қылмыс ашылмаган және бұрын жасалған (жа- салғанына көп уақыт болған), қылмыс жасалған деп жорамал- дауға болады. Себебі адам басының және басқа да мүшелерінің сүйектері киімдерінің калдықтарымен табылған, бірақ өлімнің себебі белгісіз (тергеудің бастапкы кезінде), қылмыс жасалған деп болжауға болады, сондай-ақ қылмыс жасалмаған, өлімнің себептері баска да жағдайларға байланысты болған деп те бол- жауға болады. 373

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==