Криминалистика
§3. Типтік тергеу ситуациялары, болжаулары және жоспарлануы Типтік ситуациялар — тергеу әдістемесінің ерекшеліктерін (типтік тергеу болжауларының, типтік мәселелерді, сондай-ақ оларды шешу құралы мен тәсілдерін) алдын ала анықтауға мүмкіндіктер беретін, тәжірибеде барынша жиі кездесетін тер геу ситуациялары. Нақты ситуацияны тексере отырып, тергеуші типтік мәсе- лелерді шешу жөніндегі білімді қолданады, шындықты ескере отырып, оларды жаңа жағдайға сәйкес өзгертеді (модерниза- циялайды). Тергеу ситуациясын, бағалау кезінде заңмен қарас- тырылатын екі жағдай туындайды - шешім қабылдауға дайын- далу кезінде тергеудін бағыты бойынша және тергеу әрекетін жүргізу бойынша. Жекеленген тергеу ситуациясы тергеу жағ- дайы (ретінде) сияқты қолда бар немесе жоқ акпараттарға, адам өлтіру қылмысы жөніндегі көмекші мәліметтер мен дәлелдеу- лерге, мәліметтердің күшіне, тергеушінің өзінің мүмкіндігі мен құралдарына, қоршаған ортадағы жағдайларға және т.б. қатыс- ты анықталады. 1 - ситуация — қылмыс анықталған (ашылған), қылмыскер ұсталған және оның жеке басы анықталған. Кейде тергеудіңбас- тапқы кезінде шынайы мақсаты мен ниеті, ал кейде оның кінә формасы да анық емес болады. Кылмысқа катысушылар да анықталмауы мүмкін. Жәбірленушіні өлтірген кездегі әрекет құқыкқа қайшы болып табылатындығы немесе табылмайтын- дығы алғашқыда айкын болмаііды (мысалы, кажетгі қорғану кезінде). 2 - ситуация — қылмыс анықталмаған (ашылмаған), бірак мәйіт бар (жасырылмаған), ешқандай инсценировка жасалма- ған және ол бірден табылған немесе қылмыс біте салып көпке ұзамай табылған. Кылмыскербелгісіз. Қылмыскердің ізіне түсу мен оны ұстау бойынша жсдел-іздестіру әрекетгерін ұйымдас- тыруға мүмкіндіктер бар. Сондықтан да типтік болжаулар да осындай ұксас ситуацияларда болып келеді. Бұл қылмыскердің жеке басы (немесе сезіктініңараласатын ортасы) жөніндегі бол жаулар, мүмкін болатындәлелдемелертуралы болжаулар және кылмыскердің жасырынған жері жөніндегі іздестіру болжаулары. Болжауларды тексеру үшін қылмыстық істі талдау нәтиже- сінде келесідей көрсеткіштердің қолдануы мүмкін: f 372
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==