Криминалистика

маскүнемдіктен немесе нашақорлыктан емделуге мүқтаж екендіктері көбінде тергеу барысында нақтыланады. Берілген сипаттама өте тиімді, олар көпшілік жағдайларда жасалатын кылмыстар мен көшедегі кейбір пайдакүнемдік мақсатында жасалған қылмыстарды тергеуде ерекше орын алады. Оқиға болған жерді қарау барысында немесе мәйіт табыл- ған жерден алынған кылмыстын жасалу тәсілі туралы мәлімет- тер жиынтығы қылмыскердің жеке басы және оның жәбірлену- шімен өзара қатынасының сипаты жөніндегі құрылған болжау- ларды тексеруге мүмкіндіктер береді. Мәселен, мәйітгі оңаша жерлерге көміп тастау, оны бүрке- мелеу (құммен, шөппен, жапырақтармен және т.б.), мәйітті не ­ месе оның бөлшектерін суға ағызып жіберу, жәбірленушінің бетін адам көріксіз етіп бұзу әрекеттері, бұл мәйіт кылмыскердің жақын адамы (әйелі, туысы, досы және т.б.) екендігін жиі куә- ландырады. 5 және 17 жас аралығындағы балалар мен жасеспі- рімдерді өлтіру қылмыстарын көбінде 10 мен 16-ты жас аралы- ғындағы ер жыныстағы жасөспірімдер жасайды. Көпшілігінде олар жәбірленушінің досы, танысы болып келеді. Мәйітке әдеттен тыс айлаларды қолдану белгілері (мәйітгі жалаңаштау, киімсіз қалдыру немесе оның киімін тығып тас ­ тау, жағуға жарамсыз затгарды қолданбақшы болып әрекет ету, мәйітті ұсак бөлшектерге бөліп тастау) немесе мәйітгің денесіне сансыз көп жарақаттар салу белгілері қылмыскердің жүйке ауруымен ауыратындығын көрсетеді. Адам өлтіру қылмыстарын тергеу барысында кездесетін әдет- тен тыс жасалған әрекеттерді анықтау мәселесі өте күрделі бо ­ лып табылады. Әсіресе арнайы әскери немесе қызметтік да- йындықтан өткен, криминалистика және баска да салалардан арнайы жоғары біліктілігі бар, интеллекті жоғары, кәсіпқой қылмыскерлердің әрекетгерін тергсу мәселелері аса киын. Қыл- мыстык әлемдегі осындай тұлғалар қажет болған жағдайларда жалдамалы кісі өлтіру кылмыстарының және үйымдасқан топ болып жасалған кылмыстардың орындаушысы болып тандап алынады. Сонымен қатар, мұндай түлғалар саяси қылмыстарды жүзеге асырады (орындайды). Олар көбіне қылмыс жасау кезінде өздерінің қылмыстық әрекеттерінің ізін қалдырмайды. Дегенмен де қаншалықты айлакер қылмыскер болғанымен де қылмыстык әрекетінің ізін қалдырмауы мүмкін емес. 371

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==