Криминалистика

адам өлтіру үшін кылмыс кұралын, қаруын алдын ала іздейді, көздеген мақсатын жүзеге асыруға байланысты кездесетін кедергілердің алдын алу жағдайлары жасалады, сонымен қатар қылмыстың ізін немесе оған өзінің қатысқандығын жасыруды қамтамасыз ету әрекеггері жасалады. Егер қылмыскердің кыл ­ мыс жасауға таңдап алған тәсілдері қандай да бір ерекше құрыл- ғыларды, жарылғыш, улы заттарды дайындап жасаумен немесе баска да арнайы таным білімдерімен байланысты жағдайларда, кылмыскерлер - техникалык, медициналык, химиялык, физи- калык және баска да арнайы әдебиеттерді зерттеп окиды. Кылмыскерлер адам өлтіру кылмыстарын жасау кезінде қылмыс құралы ретінде түрмыс-тіршілікте пайдаланатын (ас- ханалық және жиналмалы пышақ, балға, балта, т.б.) заттарды, қылмыскердің кылмыс жасау үстінде қолына түскен окиға бол ­ тан жердегі кездейсоқ заттарды (тас, кұбыр, темір кесінділері, бөтелке, т.б.) және баска да колдаи жасалған әр түрлі суық қару- ларды қолданады. Адам өлтіру кезінде қылмыскер атыс қару- ларын кылмыс кұралы ретінде — тік окпанды, колдан жасалған және жартылай қолдан жасалған (шиті мылтық, шолақ мылгық) каруларды пайдаланады. Ал улы заттарды қылмыс құралы ретінде пайдалану кезінде, олар көбінде жеке өндіріске қолда- натын адам жүйкесіне күшті эсер ететін дәрі-дәрмек пен улан- дыратын коспаларды тандап алады. Адам өлтіру кылмыстарын жасау кезінде, тергеліп отырған оқиға жөнінде күш қолдану әрекеттерін және баска да жекеленген мән-жайларды куәлан- дыратын, атап айтканда: қылмыстың механизмін, қүралын, оған колданған тәсілдерді және кылмыскердің жеке басының ерекшеліктері мен әрекет-максаттарын, қылмыстың ізін жасы- ру әдістерін сипаттайтын әр түрлі іздер пайда болады. Мұндай іздерге кылмыскердің: қол саусақ іздері, тісінің, тырнағының, аяқкиімінің іздері; көлік және бұзу құралдары- ның іздері; қылмыс болған жердегі, айналадағы заттарда қалған іздер, арпалыс іздері, мәйіттегі дене жарақат іздері, табиғи био- логиялык іздер (кан, ағза, сілекей және т.б.); адам өлтірудегі кылмыс құралын коса алғанда, қылмыскердің ұмытып кеткен, болмаса лақтырып тастап кеткен заттары жатады. Негізгі іздер, көбінде мәйітке, оның киімдерімен оған тығыз жақын жатқан объектілерге шоғырланады. Жекеленген іздер мен затгай дәлел- демелер кылмыскер қылмыс жасап болған соң, кеткен бағытта- рындағы жерлсрде қалады. Сезіктіні ұстау кезінде оның денесі- 367

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==