Криминалистика
Адам өлтіру қылмысын жасаудың және жасырудың тәсіл- дерінің әртүрлілігі, олардың себептері және мақсаттары, қылмыскердін пайдаланылатын карулары және амалдардың ерекшеліктері, қылмыстарды жасаулыңорны және уакытынын ерекшеліктері оларды тергеудің жалпы әдістемесінде адам өлтірудің әр түрлі түрлерін тергеудің ерекшелігін көрсететін біркатар жеке әдістеменің бар болуымен байланыстырылған. Соңғыларына қылмыстың типтік ситуациясына байланысты: атыс-қаруларын, жарылғыш заттарды, кесіп-жаншитын заттар- ды пайдаланып жасалған адам өлтірулер, мәйітті бөлшектеумен, бүркемеленген (инсценировка) адам өлтірулер; пайдакорлык, бүзақылық ниетпен және т.б. көлікте, төбелесте жасалған адам өлтірулер жаткызылуы мүмкін. Кылмыстық істі қозғау кезіндегі тергеушінің колындағы ал- ғашқы мәліметтердің сипаты мен көлеміне байланысты қылмы- старды шартты түрде мынандай үлкен екі топқа бөлуге болады: 1) адам өлтіру анық жағдайда жасалған; 2) адам өлтіру анык емес (белгісіз) жағдайда жасалған. Бірінші топқа, тергеудің басында-ак адам өлтіруші тұлға белгілі болған айқын деректерді жаткызамыз. Мұндай кылмыстар әдетте «тұрмыс-тіршіліктік» катарына жатады, олар көбіне, күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі болатын отбасындағы, сондай-ак көршілердің, болмаса туыскандардың тағы баска да жакын танитын адамдардың бір-бірімен ұрыс- керістері, өзара келісе алмаушыпыктарынан туындаған жанжал- дар мен жеке бастық араздар. Бұл қылмыстарды жасау кезінде кылмыскерлер қылмысты жасауға байланысты алдын ала айла әдістерді тандап, оның ізін жасыруға алдын ала дайындалмай- ды. Керісінше күтпеген жерден туындаған жанжалдың нәти- жесінде колына түскен түрмыс-тіршілікте колданылатын зат тарды, атыс қаруын т.б. кылмыс қүралы ретінде пайдаланады. Белгісіз жағдайларда жасалған адам өлтіру кылмыстарын — күш қолдану белгілері бар мәйіттіңтабылуына байланысты не- месе хабар-ошарсыз кеткен адамдардың өлгендігін куәланды- ратын мәліметтер бойынша кылмыстық іс козғауға байланыс ты тергеу әрекеттері жүргізілетін кылмыстарды жатқызамыз. Мұндай жағдайларда қылмыстық іс қозғау кезінде тергеушіде адам өлтіру қылмысының жасалу жағдайы (кылмыскердің, көбіне жәбірленушінің жеке басы туралы; қылмысты жасау ниеті мен мақсаты) туралы ешқандай мәліметтер болмайды. Бұл 365
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==