Криминалистика

рынша тәжірибелі тергеушілер, маман-криминалистер, дәрігер- лер, жедел-іздестірушілер кіреді. Қасақана адам өлтіру бойын- ша жасалған қылмысты ашуға байланысты топ құрғанда міндетті түрде әр бір қызметкерлердің мамандандырылу деңгейі, білік- тілігі оның тәжірибелік стажы мен ептілігі ескеріледі. Жедел- тергеу топтарының жұмыстарындағы әдетте кетіп жатқан (кез- десетін) кемшіліктер, олардың құрамының әлсіздігі мен тұрақ- сыздығына, топ құрамы мүшелерінің қасақана адам өлтіру қыл- мысымен байланысы жоқ басқа шаралармен айналысуына, со- нымен катар кажетті техникалық қүралдармен, жұмыс жасау үшін ғимарат орындарымен, көлік құралдарымен камтамасыз етілмеулеріне байланысты. Үздіксіз (күнделікті) әрекет ететін жедел-тергеу топтары окиға болған жерге шыққан сәтген бастап кылмыскер анық- талғанға дейін жүмыс жасаулары тиіс. Кылмыстык әрекетгер анықталғаннан кейін, ары қарай кылмысты ашу жұмыстарын (әрекеттерін) тергеушілер жалғастыруларына болады. Қылмыс коғамдық ортаны дүрліктіретіндей ауырлататын жағдайда жа- салған кездерде, тергеуді толык көлемде жүргізулері қажет. Адам өлтіру кылмысын тергеуде «ізі суымаған» қылмыстар бойынша жедсл-іздестіру топтары кылмыс болған жерлерге, пәтер-аулаларға жаппай тексеру жұмыстарын жүргізу жолымен іздестіру шараларын жүзеге асырады. Арнайы күрылған кесте- ге байланысты шешілетін сұрақтар тізімін тексеру кезінде жи- налған мәліметтер мен іздестірудегі тұлғаның жүрген жері бо ­ йынша құрылған кестені көзделген мақсатқа сәйкес талдау қажет. Қажет болған жағдайларда жәбірленуші мен қылмысқа сезікті (қылмыс жасауы мүмкін деп жорамалданған) тұлғаның іс-әрекеттеріне (хронаметраж әдісімен) бакылау жұмыстарын жүргізу керек, окиға болған жердегі ауданда куәлар мен оқиғаны көзімен көрушілердің жүру мүмкіндігін ескеру қажет. §2. Адам өлтіру кылмысынын криминалистикалық сипаттамасы Адамның жеке басына қарсы жасалатын кылмыстың ішінде ең ауыры адам өлтіру қылмысы болып табылады. Бұл кылмыс ­ ты ашуда кездесетін қиыншылықтар айтарлықтай үлкен жұмыс көлемін талап етеді, сондыктан адам өлтіру жөніндегі істі жоға- ры санаттағы күрделі қылмыс катарына жатқызады. і 364

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==