Криминалистика

үшін жедел-іздестіруші органның қызметкерлерін шақырып, тергеу әрекетін өткізу үстінде оларға арнайы тапсырмалар береді. Күрделі тергеу әрекеттерін тергеуші жедел-іздестіру орган- дарының қызметкерлерімен бірлесіп, іскерлікпен өткізуі тер ­ геу әрекетінің нәтижелігін сөзсіз арттырады. IV т а р а у АДАМ ӨЛТІРУ ЖӘНЕ ДЕНЕ ЖАРАКАТЫН САЛУ ҚЫЛМЫСТАРЫН ТЕРГЕУ ӘДІСТЕМЕСІ §1. Адам влтіру қылмысын тергеу әдістемесінің теориялық алғышарты Адам өміріне қылмыстык қол сұғушылықпен күрес жүр- гізудің маңызы, кылмысты дер уақытында ашу мен оны жан- жақты тергеуде ерекше орын алады. Адам өлтіру бойынша істің ашылмай қалуы, көбінде қылмыскерлердің қылмыстық әрекет жасау немесе оның ізін жасыру кезінде өте айлалы әдіс-тәсілдер қолдануларына байланысты, әсіресе тергеу барысында тергеу- шініңжіберген кемшіліктерінің, нақты айтқанда: оқиғаболған жерге дер уақытында шықпауының (келмеуінің) немесе сол жерді қарау жұмыстарын толық немесе мұқият жүргізбеуінің, ғылыми-техникалық қүралдар мен тактикалык тәсілдерді дүрыс қолданбауының салдарынан. Адам өлтіру қылмысын нәтижелі тергеудің міндетті шарт- тарына: жедел-тергеу жұмыстарын тез, әрі дер уақытында жургізу; заттай дәлелдемелерді, сондай-ак кылмыскерлердің оқиға болған жерлерде калдырған іздерін — іздеп табу, бекіту, алу және зерттеу үшін ғылыми-техникалық кұрал-жабдықтар- ды дүрыс пайдалану; іс бойынша құрылған болжауларды толық әрі жан-жақты тексеру; жұмыс жасау кезектілігін сақтай оты- рып, қолданылатын тәсілдерді дұрыс тандап алу; оларды тергеу әрекеті барысында пайдалану шеберлігі жатады. Адам өлтіру қылмыстарын тергеу мен ашу, тәртіп бойынша күнделікті әрекет ететін топ құрамының қызметкерлерінің топ- тык тәсілдерімен немесе арнайы кұрылған жедел тергеу топта- рының үздіксіз жүмыс жасауларына байланысты жүзеге асы- рылады. Үздіксіз әрекет ететін жедел-тергеу топ кұрамына ба- 363

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==