Криминалистика

керлері жалпы тергеу жоспарын жасап, онда көрсетілген іс- әрекетгерді нақтылы кім орындайтынын көрсетеді. Кей жағдай- да тергеуші өз алдына жоспар жасап, жедел-іздестіру органда- рының қызметкерлері өзінше жоспар жасаулары мүмкін. Мұндай жағдайда жедел топтың кеңесінде екі жоспарда да көрсетілген іс-әрекеттер салыстырылып, екі жоспарға да белгілі бір дәрежеде өзгерістер енгізілуі керек. Анықтама жүргізуші органдар жедел-іздестіру жұмысын өткізгенде алынған мәлімет- терді дереу тергеушіге хабарлап отыруы тиіс. Тергеу әрекетін жүргізу барысында алынған дәлелдеме фактілерді тергеуші анықтама жүргізуші органдардың қызметкерлеріне хабарлап отыруы керек. Бір-біріне осындай мәлімет беріп, іскерлік қарым-қатынаста болғанда ғана тергеу дұрыс бағыт алып, же ­ дел топтын жүмысы нәтижелі аяқталып, қылмыс дер кезінде ашылады. Мұны екі орган да өз-өзімен жеке жұмыс жасайды деген мағынада түсінбеу керек. Бір тергеу әрекетін бірігіп өткізетін де жағдай болады. Айталык, оқиға болған жерді қарау үстінде тергеуші окиға болған жерді карап жатқанда, аныктама жүргізуші органдардың кызметкерлері кылмыскердің кім екенін аныктап, оны ұстауға, осы болған қылмысты көрген адамдарды табуға және баска да қылмыстың мән-жайы жөніндегі мәлімет- терді біліп, анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Жедел топқа кіретін жедел-іздестіру органының қызметкерлеріне тергеуші кейбір жеңіл тергеу әрекетін өзі жеке өткізуді де жүктеуі мүмкін. Сонымен, тергеуші мен жедел- іздестіру органдарының тергеу үстіндегі тұрақты карым-каты- насы жедел топты, сондай-ақ, жалпы тергеу жоспарын қүру- мен және кейбір тергеу әрекеттерін бірігіп өткізумен сипатта- лады. Тергеу барысында осындай тұрақты катынаспен бірге, көбінесе жеңіл кылмыстарды тергегенде, көріністік, былайша айтқанда, бір жолғы қарым-қатынас та қалыптасуы мүмкін. Мысалы, кылмыстык заңға сүйеніп тергеуші істің кейбір мән- жайларын жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу аркылы анык ­ тап беру жөнінде осы органға нүсқау береді. Айталык, кылмыс- ка сезікті адамның түрмыс жағдайын, кіммен карым-қатынаста екендігін, кімнің үйіне және кай жерлерге жиі баратындығын, тағы да баска мәліметгерді жинап беру жедел-іздестіру орган- дарының қызметкерлеріне тапсырылады. Сонымен қатар, терг ( еуші кейбір күрделі тергеу әрекеттерін өткізуге көмек беру 362

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==