Криминалистика
да, бір мекеме шеңберінде болуы олардың қылмысқа қарсы күрес саласындағы ұйымдык тактикалық жұмыстарын, әрине сөзсіз арттырады. Сонымен тергеу және анықтама жүргізуші органдардыңтер- геу үстінде калыптасатын қарым-катынасыныңтүсінігі — қыл- мыстық істі тергегенде бір-біріне әкімшілік тұрғыдан тәуелсіз тергеу және жедел-іздестіру органдарының қылмысты ашуға, оны сапалы тергеуге, қылмыстың алдын алуға бірлесіп, іскер- лікпен істейтін жұмыстары. Бірақ мақсаттары мен міндетгері бірдей, ортақ болғанмен аталған органдардың қызметтерінде өзіндік ерекшеліктер бар. Бүдан бұрынғы жедел-іздестіру жүмыс- тары жөнінде заңда өте кысқа, мәлімдеме есебінде ғана айтыл- ған болатын. Қазір арнайы жедел-іздестіру жұмыстары жөнін- дегі заң қабылданғандықтан бұл органның өкілеттігі заң жүзінде толық бекітіліп көрсетілген. Осы заңға байланысты жедел- іздестіру органдарына жоғарыда айтылған жалпы міндеттермен қатар өзіне нақтылы жүктелетін міндеттері бар. Онын ішінде негізгісі — кылмыстың белгілерін, іздерін тауып, оған қатысқан қылмыскерлерді аныктап, оларды дер кезінде ұстау. Бүл өзінің алдына заң жүзінде қойылған міндеттерді анықтама жүргізуші органдар өзінің өкілеттігіне тән әдістермен, тәсілдермен жедел- іздестіру жұмыстарын жүргізу арқылы анықтап орындайды. Тергеуші істің кейбір мән-жайларын анықтау жөнінде бұл органдарға нұсқау бере отырып оны қандай әдістермен, кандай жедел-іздестіру жүмыстарын жүргізу аркылы шешетіндігіне араласып кіріспейді. Тергеуші мен аныктама жүргізуші органдардыңарасындаекі түрлі қарым-қатынас калыптасуы мүмкін: тұрақты және бір жолғы. Тұрақты қатынас жағдайында тергеуші мен жедел- іздестіру органдарының кызметкерлері бір істі басынан аяғына дейін бірлесіп, бір жедел топ құрып тергейді. Қарым-катынас қылмыс осы органдарға белгілі болған кезеңнен, тіпті іс коз- ғалмай тұрып-ақ қалыптасады. Мұндай жағдайда жедел-іздестіру органдары іс қозғауға негіз бола алатын фактілерді, мәліметтерді жинап, оны тергеушіге береді. Бүл мәліметтер тергеушінің кыл- мысты козғау кезенінде дүрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Кылмыстық іс қозғалғаннан кейін жедел топ құрылып, оған тергеуші және қылмыстың түріне байланысты бірнеше жедел- іздестіру органдарының қызметкерлері кіреді. Жедел топқа кірген тергеуші және жедел-іздестіру органдарының қызмет- 361
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==