Криминалистика

Әр түрлі қылмыстар жасайгын субъектілердің тұлғасы жөнін- дегі осы мәліметгерді жалпылау — қылмыскер тұлғасын кыл- мыстың криминалистикалық сипаттамасының маңызды элементері ретінде нақтылауға көмектеседі. 2. Жәбірленуші Кейбір қылмыстар бойынша криминалистикалық талдауда жәбірленушініңтипологиялық ерекшеліктері алдыңғы орынға ие болады. Себебі, жәбірленуші алдын ала тергеу мен сот мәжілісінің орталық фигурасы болып табылады. Жәбірленуші тұлғасының ерекшеліктері жөніндегі мәліметтер криминалис- тикалық жоғары маңызға ие. Олар: - жәбірленуші әрекеттерінің қылмыс механизмінің қалып- тасуына тигізетін әсерін аныктауға; - жәбірленушінің тұлғасын, оның кылмыскермен қарым- қатынасын зерттеуге; - тергеу кезіндегі жәбірленушінің жүріс-тұрысын болжауға; - жәбірленушініңтүлғасы мен жүріс-тұрысымен байланыс- та болатын қылмыстың жасалуына итермелеген себептер мен жағдайларды бекітуге; - жәбірленушінің к.атысуымен жүргізілетін тергеу әрекет- терініңтактикалық әдістерін тандауға көмектеседі. Жәбірленушінің түлғасы туралы типологиялык мәліметтер жауап алу және оның қатысуымен өзге тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде жәбірленушімен психологиялық байланыс қалыптастыру үшін маңызы бар. 3. Қылмыс жасау тәсілі Көптеген криминалистердің пікірлері бойынша, бұл элемент өте үлкен маңызға ие. Әрбір жекелеген жағдайларда кылмыс жасау тәсілі пакты болады. Қылмыстық-құкыктық ғылымында қылмыс жасау тәсілі қылмыс кұрамының объективтік жағын сипаттау үшін қажет. Ал қылмыстық іс жүргізу қүқығында бұл элемент қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жагатын мән-жай- лардың бірі және айыптау қорытындысы мен айыптау үкімінің күрылымындағы міндетті элементтердің бірі ретінде қарасты- рылады. Криминалистикада қылмыс жасау тәсілі — қылмыс іздерін қайдан, кімнен іздеуді, ол іздер кандай құралдармен қалдырыл- ғандығы, т.б. мән-жайларды анықтауға көмектесетін ақпарат- тың маңызды қайнар көзі болып табылады. Қылмыс жасау тәсілі — деп қоршаған орта жағдайлары мен қы^імыскердін психофизиологиялык қасиеттерімен анықтал- 348

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==