Криминалистика
— тиімді және дұрыс тактикалық шешім кабылдау үшін. Әрі карай, криминалистикалык сипаттама тергеу әдістемесінің барлык мазмұнына енгізіледі және қандай да бір жеке тергеу ұсыныстарын негіздеу үшін қолданылады деп ой- лауға барлык негіз бар. §2. Криминалистикалык сипаттаманын элементтері Кьілмыстардың криминалистикалык сипатгамасында әр бір элемент белгілі бір мазмүнға ие. Төменде көрсетілетін элемент- тер профессор Г.А.Мозговыхпен қарастырылған. Оларға жеке тоқталатын болсак: 1. Қылмыскердін тұлғасы Қылмыскер түлғасы - криминологиялық ғылымның негізгі зерттеу объектісі. Криминалистика ғылым ретінде қалыптас- қан сәттен бастап, кылмыскердің түлғасын зерттеу мәселесіне көп көңіл бөлініп келеді. Н.П. Яблоков қылмыскердің тұлға- сын криминалистикалык зертгеуде екі бағытты бөліп көрсетеді. Бірінші бағыт - әрекеттін түрі, орны мен уақытын, қылмыстык кол сұғушылыктың пәнін ескере отырып белгісіз кылмыскердің тұлғасы туралы мәліметтерді алуды карастырады. Екіншісі — субъект тұлғасының криминалистикалык тұрғыдан бағалау мак- сатында сезіктінің немесе айыпталушының түлғасын зерттеу. Аталған екінші бағыттың жалпыланған ғылыми нәтижелері кылмыскер түлғасының типологиялык ерекшеліктері туралы ақпаратты калыптастыруда маңызы ерекше. Кылмысты тергеу процесінде белгісіз қылмыскердің тұлғасын криминалистика лык зерттегенде оқиға болған жерден табылған материалдық іздерді зерттеу жолымен, сондай-ак жәбірленуші мен куәлар- дың көмегімен қылмыс жасаған тұлғаныңбиологиялык, физио- логиялық, кәсіби белгілері есепке алынады. Қылмыстың кри миналистикалык сипаттамасы үшін кылмыскердің әлеуметтік, демографиялык, психологиялық қасиеттері де үлкен маңызға ие. Атап айтсақ: — өмірбаян сипатындағы мәліметтер (жасы, жынысы, ұлты, білімі, отбасы жағдайы); — қоғам өмірінің негізгі салаларында тұлғаның қатысуын сипаттайтын мәліметтер; — тұлғаның әлеуметгік-психологиялық қасиеттері (темпера мент, ерік-сезіктері); 347
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==