Криминалистика
криминалистикалык сипаттамада мынадай элементтерді бөліп көрсетуге болады: — қылмыс жасау тәсілі; — қылмыстық қол сұғушылықтың пәні; — кылмыскер мен жәбірленушінің ерекшеліктері; — қылмыс механизмі. Криминалистикалықсипаттаманың осы және өзге элемент- тері түрлік криминалистикалық сипаттамада неғүрлым жан- жакты қарастырылса, соғұрлым бұл түсінік тәжірибеде үлкен бағаға ие болады. Криминалистикалык сипаттама - қылмыстарды табу, тер- геу және алдын алудың тиімді әдіс-тәсілдерін дүрыс анықтауға ыкпал ететін қылмыс туралы мәліметтердін жүйесі болып та- былады. Криминалистикалык сипаттаманың мазмүнына белгілі бір категориядағы қылмыстарды жасаудың элементтері, осы элементтердің арасындағы криминалистикалык маңызы бар байланыстар туралы мәліметтер жаткызылады. Криминалисти калык сипаттаманың акпараттық негізін тергеу тәжірибесін зерттеу нәтижелері құрайды. Криминалистикалык сипаттама туралы ілім — криминалис тикалык әдістеменің қүрамдас бөлігі болып табылады. Крими налистикалык сипаттаманың жалпы ережелері — криминалис тикалык әдістеменіңжалпы теориялыкбөлімінің маңызды жағы. Ал жекеленген қылмыстүрлерінің криминалистикалык сипат- тамасы осы қылмыстарды тергеудің криминалистикалык әдісте- мелерінің құрылымдық элементі. Қылмыстардың криминалистикалык сипаттамасы туралы ілімді қалыптастыру — криминалистика ғылымының дамуына да, тергеу тәжірибесінің одан әрі жетілдірілуіне де ықпал етеді. Криминалистикалык сипаттаманы тәжірибелік колданудың негізгі бағыттары: — қылмысты ашу, болжаулар жасау: — кылмыскер тұлғасы туралы болжау жасау; — кылмыс туралы ақпараттың мүмкін болатын шеңберін дұрыс анықтау үшін із калдыру механизмі туралы мәліметтерді табу жөніндегі жұмыстарды қолдану; — тергеушінің тергеу әрекеттерін (сезіктіден, айыпталушы- дан, жәбірленушіден жауап алу және т.б.) жүргізу кезінде так- ти^салык әдіс-тәсілдерін аныктау үшін; 346
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==