Криминалистика

қалыптасуының алғашкы кезеңіне кейбір авторлар оның қата- рына қылмыстың қылмыстык-кұкықтык, гіроцессуальдық сипаттамаларын енгізеді. Атап айтсақ, И.А. Возгрин кримина- листикалык сипаттама осы екі сипаттамадан құралу қажеттігін ерекше атап көрсеткен. Дегенмен де, кейінірек ол өз көзқара- сын өзгертіп, төмендегілерді криминалистикалык сипаттама элементтері қатарынан шығарып тастады: 1) бастапкы акпараттың сипаттамасын; 2) кылмыстыққол сұғушылыктың пәні туралы мәліметтерді; 3) кылмысқа дайындалу, орындау, оның ізін жасыру әдістері мен олардың қылмыстык әрекеттерінің зардабы жөніндегі мәліметтерді; 4) кылмыскер мен жәбірлену шінің түлғалык ерекшеліктері туралы мәліметтерді; 5) кылмыстың неғұрлым кеңінен тараған ниет-себептері туралы жалпылама мәліметтерді. Р.С. Белкиннін, И.Ф. Пантелеевтің, А.Ф. Савкиннің пікір- лері бойынша, түрлік криминалистикалык сипаттаманы қалып- тастыру кезінде қылмыстық-құқықтық сипаттаманы ескеру кажет деп санайды. Бірак бұл қылмыстық-құқықтык сипатга- маны криминалистикалык сипатгаманың құрылымына енгізудің негізі болып табылмайды. Осы пікірді профессор Г.А.Мозго- вых та ұстанады. Оның ойы бойынша, дәлелдеу пәні туралы мәселеге де көңіл аудару қажет. Бұрынырақ криминалистика ­ лык сипаттама туралы ілім қалыптаспай тұрып, жеке әдістемеге дәлелденуге жататын мән-жайларды енгізу дұрыс деп есепте- ген. Кылмыстардың криминалистикалык сипаттамасын жеке әдістемеге енгізгеннен кейін дәлелдеу пәні арқылы кримина ­ листикалык маңызы бар белгілерді айқындаудың қажеттілігі жойылды. И.Ф. Пантелеев, А.Ф. Савкиндер өз еңбектерінде: «дәлел- деу пәні мен түрлік криминалистикалык сипатгама - әр түрлі түсініктер» деп өте орынды көрссткен. Дәлелдеу пәнініңтүсінігі сот дәлелдемелер теориясына тән және ол дәлелденуге жата ­ тын маңызды мән-жайлардың қажетті жиынтығын көрсетеді. Дәлелдеу пәні мен криминалистикалык сипаттама арасында дәлелдеу теориясы мен кылмыс туралы ілім арасындағыдай бай- ланыс бар. Қазіргі уакытқа дейін криминалистикалык сипаттама эле- менттерінің саны туралы бірыңғай көзқарас жоқ. Бірак типтік 345

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==