Криминалистика
мыс түрлеріне тән белгілер мен біркатар зандылықтарды анық- тады. 1966 жылы В.А. Сергеев криминалистикалык өзгешеліктері бар қылмыстардың ерекшелігін криминалистикалык сипатта- ма деп атауды ұсынып, бұл түсініктің күрделі құрылымға ие екендігін атап көрсетті. 1967 жылы А.Н. Колесниченко барлық қылмыстарға кри минал истикалық маңызы бар жалпы белгілер тән екендігін айт- ты. Профессор С.П. Митричев қылмыстарды зерттеу кезінде криминалистикалық маңызы бар типтік белгілерге назар ауда- ру қажет деп есептеді. Аталған зерттеулердің әркайсысы кыл- мыстардың криминалистикалықсипатгамасының элементтерін өз тұрғысынан бөліп көрсетті. 1974 жылы Мәскеу Мемлекеттік университетінің заң факультеті ұйымдастырған криминалистика кафедра меңгеру- шілерінің Бүкілодақтық семинары болып өтті. Аталған семи- нарда барлык катысушыларға жекеленген қылмыс түрлерінің криминалистикалықсипаттамасын оқып зерттеу, сондай-ақоны тергеу әдістемесінің құрамдас бөлігі ретінде қарау және кри- миналистиканы оқу бағдарламасына енгізу үсынылды. Қылмыс- тардың криминалистикалық сипатгамасы — криминалистика- дағы жеке теориялык ілім болып табылатындығын атап өткен жөн. Барлық криминалистер криминалистикалық сипаттаманы қылмыстың ақпараттық үлгісі (моделі) және қылмыстардың белгілерінің жүйесі ретінде қарастырады. Мамандардың пікір- лері бойынша, криминалистикалык сипаттаманыңтәжірибелік маңызы — оның ғылыми негізделген нұсқауларды жасауға, тергеушінің дұрыс бағытталған қызметін қалыптастыруға, тер- геудің неғүрлым объективті жолдарын, әдіс-тәсілдерін тандауға, сондай-ақ жекелеген тергеу әрекеттерін жүргізудің тактикасын аныктауға мүмкіндік беретіндігінде. Криминалистикалык сипатгама түсінігініңкүрделілігін бар лык криминалистер мойындады. Сондыктан, криминалистика лык сипаттама қандай элементтерден тұратындығына келетін болсак, ол элементтердің саны жөнінде бірыңғай ойлар қалып- таспаған. Криминалистикалык сипаттама түсінігі мазмұнының күрделілігін оңай дәлелдеуге болады, бірақ оның кұрамына қан- дай элементтерді енгізу туралы осы уакытқа дейін біртұгас көз- карас айтылмаған. Криминалистикалык сипаттама түсінігінің 344
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==