Криминалистика
Тергеудін алғашқы кезеңінде тергеуші төмендегідей негізгі мәселелерді шешіп алуы кажет: • кылмыстық істі қозғауға байланысты шешім қабылдау кезіндегі мәліметтер негізінде кылмыстықокиға туралы жасал- ған жалпы типтік болжауларды тексеру; • зерттеуге жататын деректерді анықтау; • жоғалып немесе жойылып кетуі мүмкін дәлелдемелерді кейінге калдырмай жинау және бекіту; кылмыс жасады деп сезік келтірілген адамды іздестіру және ұстау үшін қажетті шаралар- ды дер кезінде қолдану; • кылмыспен келтірілген залалдардың орнын толтыруға бай ланысты жедел шаралар кабылдау; • қылмыстың жасалуына мүмкіндік туғызған мән-жайлар- ды аныктауға байланысты жұмыстарды жүзеге асыру; Тергеудің кейінгі кезеңінде істің барлык мән-жайларын толыканыктау мақсатындадәлелдемелерді жинау, тексеру және бағалауға байланысты жүргізілетін жұмыс әрі карай жалғасты- рылады. Тергеудің алғашқы және кейінгі кезендері тергеушінің ал- дына қоятын міндеттерімен ғана ерекшеленбейді, сонымен катар, тергеудің алғашқы кезеңінде тергеушінің уақыты тығыз болғандықтан көп жағдайларда (әдетте) жазбаша жоспар құр- мастан жылдам қарқындықпен жұмыс істейді. Тергеудін келесі кезеңінде, тергеушінің жұмыс істеу карқыны төмендеп, бәсең- дейді. Тергеудің алғашқы кезеңінде тергеуші кейінге калдыруға болмайтын барлық тергеу әрекеттерін орындап, іске дәлел- демелік маңызы бар материалдарды жинап бітіріп, оларды тал- дап, зерттеп, тексеруге және іс бойынша тергеу жоспарын толык құруға кіріседі. Әрине бүл шекара шартты болып табылады; кейде алғашкы кезең мынандай жағдайларда аякталуы мүмкін, мысалы: сезіктіні үстағаннан кейін тергеуді ары карай жүргізу бағытын анықтайтын іске маңызды кандай да бір дәлелдемелер алынған жағдайларда. Криминалистикада тергеудің алғашкы және кейінгі кезең- деріне байланысты жекеленген қылмыстардың әрбір нақты түрлері бойынша — тергеу әрекеттерін, жедел және ұйымдык шараларын жүргізу шеңберіне және олардын кезектілігіне катыс- ты ұсыныстар өнделіп қалыптастырылған. Кейінгі жылдары криминалистер өз еңбектерінде тергеу кезендерін әр түрлі және бірнеше кезендерге бөліп қарасты- 342
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==