Криминалистика

кірмейді. Өйткені бұл тергеу ситуациясын типтендіруге мүмкін- дік бермейді. Тергеу ситуациясының мазмұнына тек бір ғана — ақпараттық факторлар тобын кіргізу тиімді болып табылады, тәжірибе көрсеткендей, бұл факторлар тобы қылмыстарды тер ­ геу барысында колданылатын нақты үсыныстарды өндеуге жеткілікті. Тергеу ситуациясын әр түрлі негіздер бойынша топтасты- руға болады. Барынша тергеуге тиімді топтастыруларға мына- лар жатады: типтік және нақты ситуациялар; іс бойынша тер ­ геу барысында жалпы жинақталған және жеке тергеу әрекеттерін жүргізу кезіндегі ситуациялар; кайшылықты және қайшылыксыз ситуациялар. Типтік ситуациялар — белгілі бір қылмыс түрін немесе то ­ бын тергеудің нақты бір кезеңіндегі жинақталған ақпаратгар көлемі мен мазмұнына тән ситуациялар. Ұрлық және басқа да кылмыстарды тергеудің алғашқы кезеңіне келесідей үш типтік ситуациялар тән: • қылмыскер қылмыс жасау үстінде ұсталды; • қылмыскер ұсталмады, бірак оған іздестіру әрекетін жүргізуді ұйымдастыруға мүмкіндік беретіндей, ол жайында белгілі бір ақпараттар бар; •кылмыскер ұсталмады және ол жөнінде ешқандай мәлі- меттер жоқ (мысалы: калтадан ұрлаған кезде). Ал зорлау кылмыстарын тергеудің алғашқы кезеңіне мынан- дай 2 типтік ситуациялар тән болуы мүмкін: • жәбірленуші қылмыскерді біледі және оны іздестіруге мүмкіндік беретіндей мәліметтер бере алады; • жәбірленуші қылмыскерді танымайды және ол жөнінде ешқаңдай деректер бере алмайды (егер жәбірленушіні зорлау тосыннан (кенеттен) болып, ол қылмыскерді дұрыстап көре ал- маған жағдайда) және т.б. Нақты ситуацияларга — белгілі бір кылмыстық істі тергеу кезіндегі жинақталған ситуациялар жатады. Олар типтік ситуа- цияға сәйкес келуі де, келмеуі де мүмкін. Кылмыстық істі тергеу кезіңде толық жинақталған ситуация ­ лар барлық жағдайда да кайшылықты болып табылады. Ал жеке тергеу әрекетін жүргізу барысында жинақталған ситуациялар қайшылықты немесе қайшылықсыз да болуы мүмкін. К,ылмысты тергеу кезеңдері. ¥зақ жылдық тәжірибе негізіне сүйене отырып криминалистер тергеу кезеңін алғашқы және кейінгі деп екі кезеңге бөліп қарастырады. 341

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==