Криминалистика

ның нәтижесіне тікелей немесе жанама эсер ететін факторлар- ды тергеу ситуациясының элементі ретінде қарастыру дұрыс емес. Тергеу ситуациясы мәселелерін өндеу келесідей тәжірибелік мақсатты -белгілі бір кылмыстыңтүрі мен тобын тергеу кезінде жинақталған типтік ситуацияларын анықтауды және соның негізінде жасалған қылмысқа сәйкес тергеу әдістемесі бойын- ша ұсыныстар жиынтығын өндеп жетілдіруді көздейді. Тергеу ситуациясының түсінігі мен мазмұны осы мәселелерге жауап беруі шарт. Берілген криминалистикалықкатегорияныңтүсінігі мен мазмұнынан тергеу ситуаииясын типтендіру мүмкіндігі көрініс табуы тиіс. Егер де барлық компоненттерін қосатын болсақ, ситуацияны типтендіру мүмкін емес. Бір топты — тәуекелге бойұрғыш, шешімді, өзіне нык сенетін тергеушіге ұсынуға болмайды және басқа топты — өте шешімді, бірақтерең пікірлі, ойлампаз және сақтергеушіге ұсынуға бол- майтындығы айдан анық; бір ұсыныстар — сангвиник-тергеуші- лерге арналса, ал басқалары меланхолик-тергеушіге арналады; бірі оқиға болған жерге автокөлікпен баруды үйғарса, екіншісі ол жерге еріксіз жаяу жетуі мүмкін және т.б. Тергеушінің қызметіндегі нақты бір іске байланысты туындайтын сансыз әр түрлі интеллектіні, физикалық және психологиялықерекшелік- терді, тіршіліктегі ситуациялык жағдайды және басқа да жағ- дайларды ешқандай әдістеме типтеңдіре алмайды. Криминалис ­ тика ғылымының ережелері — тергеушінің шығармашылык ізде- нісін әдеттік «стандартты» пайдалануға, оның кәсіби дайынды- лығына, жаңа криминалистикалық техника жабдықтарын игеретіндігіне, анықтама органдары мен қажетгі мамандардан кеңес, көмек алу мүмкіндігіне, қажет болған жағдайларда қыз- меттік көліктерді пайдалану мүмкіндіктеріне және т.б. негізделе отырып қалыптастырылады. Әрине мұнда дерексіздік (абстрак ­ ция) орын алады, шынайы өмірде тергеушінің өзі және оның жұмыс жағдайы барлық уақытта стандартка сәйкес келе бермейді. Бірақ мұндай дерексіздіктер ғылымда қашып құты- луға болмайтын жағдай және заңға сыйымды болып табылады. Сонымен, тергеу ситуациясы криминалистикалык категория ретінде көлемі бойынша тәжірибеде жинақталатын ситуация- мен сәйкес келуі мүмкін емес. Бұл түсініктің мазмұны өте тар көлемде қарастырылып, сонымен катар тергеушінің жеке ба- сына қатысты факторлар, оның техникалық қамтамасыз етілуі, жумыс жағдайы және т.б. карастырылып отырған түсінікке 340

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==