Криминалистика
лерді шешуі, іс бойынша жиналған дәлелдемелер мен баска да қолда бар деректерге байланысты болады. Нақты сөзбен айт- қанда тергеудің алдағы барысы және алынған мәліметтер өзара үзіліссіз диалектикалық байланыста болады. Дегенімен де ситуация салыстырмалы жеке категория ретінде тергеу ситуа- циясының мазмұнына кірмейді және оның шеңберінен тыс қарастырылады. Тергеу ситуациясының сипатын анықтаған кезде міндетті түрде алдымен объективтік негізі бар факторларға сүйену қажет. Тергеуші бағалайтын факторлар мен ситуацияларды түтас қарас- тырғанда әр түрлі бағалауы мүмкін (ол жағдайдың шын мәніне сәйкес, дұрыс және толык бағалауы немесе субъективті кате- лесу! мүмкін); әр түрлі лауазымды тұлғалар (мысалы: тергеуші мен тергеу бөлімінің бастығы немесе прокурор) тергеу барысы мен нәтижесін эр түрлі бағалаулары мүмкін, бірақ одан тергеу ситуациясы өзгермейді. Іс бойыншаанықталған мәліметтер мен тергеу барысында жиналған нақты жағдайлар — тергеушінін немесе басқа да лауазымды тұлғалардың оларды қалай бағалауы- на қарамастан өзгермейді. Қандай да болмасын бір қүбылысты бағалауда, оның сипатын анықтау мен даму көрінісі бұл құбы- лыс мазмұнына кіре алмайды. Әрине, тергеуші тергеу барысын үздіксіз талдай отырып өз жұмысын бағалайды, соның негізінде жоспарын өзгертіп, көз- делген (белгіленген) тергеу әрекеттерініңтактикасын түзетеді. Барлық жағдайларда жұмыстың сипатына қарамастан, оны жүргізу барысын бағалауда жасаған алдын ала корытынды және субъектінің (орындаушы) әрекетінің перспективі (алдағы бо- лашағы) осы жұмыстың бір бөлігі немесе оның қорытындысы- ның көрсеткіші бола алмайды. Кез келген дерек, окиға, қүбы- лыс материалдық санат ретінде танылады, ал оны қандай да бол масын түлғаның бағалауы, соның ішінде бүл деректің немесе окиғаның пайда болуына тікелей қатысты түлғалардың бағалауы — ойлау санаты. Сондықтан да деректі субъективтік бағалау бұл деректің мазмүнына кірмейді, принципиалды түрде жол берілмейді. Бүл мәселеге байланысты профессор Р.С. Белкиннің көзқа- расына ерекше токталып өткеніміз жөн. Ол тергеу ситуация- сына: «тергеу ситуациясы» — бұл нақты тергеу жүргізіліп жат- қан кездегі мән-жайлардың жиынтығы, яғни дәлелдеу процесі жүргізіліп жаткан кездегі мән-жай — деп түсінік береді. Соны- » 338
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==