Криминалистика

көмегініңәділеттілік қағидасын сактауы тиіс. Қогамның қаты- суы әр түрлі формада болуы мүмкін: кылмыс жасауға дайында- лып жаткандық туралы хабарлау; қылмыстық элементтерді іздестіру және іс бойынша куәлерді аныктау; тергеушіге дәлел- демелерді ұсыну; жүргізіліп жатқан тергеу әрекеттеріне және ұйымдастырылу шараларына қатысу; қылмыстың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау. Криминалистикалық әдістеме — айыпкердің жеке басы ту ­ ралы мәліметтерді жинау әдістері мен тәсілдерін өндейді, қыл- мыстық әрекеттерді ашу үшін және қылмыскерлерді қайта тәрбиелеу жөніндегі шараларды қабылдау үшін қажетті мәлі- меттер шеңберін аныктайды, айыпкердің жеке басы туралы дәлелдемелердің кайнар көзін көрсетеді, тергеу әрекеттерінің тактикалықтәсілдері туралы ұсыныстарды мәлімдейді, қалып- тастырады, осы мәліметтердіңтолықтығы мен дұрыстығын қам- тамасыз етеді. Айыпталушының жеке басын анықтап зерттемеу, оның әрекетін дұрыс саралауға және соттың жазалау шарала- рын әділетті қолдану мүмкін емес. Айыпкердің жеке басы - оны тәрбиелеуге байланысты қолданылатын тәсілдерді; айып- кердің қатысуымен тергеу әрекеттерін жүргізу тактикасын; оған қолданылатын бұлтартпау шараларын дүрыс іріктеп алу үшін және қылмыстың алдын алу жөніндегі шараларды кабылдау әдістерін дүрыс тандау мақсатында анықталады. Алдын ала тергеуге қатысушы тұлғаның жеке басын анык- таудың көлемі мынандай: а) демографиялық; ә) өмір сүру жағ- дайы; б) адамның денсаулық жағдайы жөніндегі, оның физика- лыкжәне психикалықерекшеліктері; в) сезіктінің (айыпкердің), куәнің, жәбірленушінің өмір бейнесін, онын мінез-кұлкы мен таныстарын сипаттайтын; г) моральдық және интеллектуалдық қасиеттері, мінез-күлык ерекшеліктері. Тергеушінің қолындағы айыпкердің жеке басына байланысты мәліметтер жекеленген тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде қолданылуы мүмкін. Мәсе- лен, жауап алу кезіндегі айыпкердің жасын (егер ол кәмелетке жасы толмаған болса) анықтауға байланысты алынған мәлімет- тер, жауап алудың тиімді ерекше тәсілдерін іріктеп алуға мүмкіндіктер береді; ал оның білімі, интеллектуалдық даму деңгейі жөніндегі алынған мәліметтер, айыпкердің жеке басы ­ на бағытгалған тәсілдерді ұтымды түрде қолдануға, сонымен қатар олармен психологиялык байланысты орнату мен олардың жалған көрсетпелерін әшкерелеуге немесе алдын алуға жағдай- ^ар жасайды. 334

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==