Криминалистика
кінәсін ауырлататын, болмаса жеңілдететін мән-жайларды анықтау мен зерттеу, анықтау және алдын ала тергеуді жүргізу кезінде заңда белгіленген тәртіптерді мүлтіксіз сақтау. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемелері тергеу кызметкерлерінің уақытын дүрыс, тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Мамандандыру аркылы белгілі бір жасалған кылмыстық әрекеттерді, қылмыстың ізін жасыруға бағытталған әрекеттерді зерттеуді және осының негізінде не- ғұрлым тиімді тактикалық тәсілдерді қолдану арқылы кауіпті және инсценировкаланған қылмыстарды ашу мен олардың ал дын алуға мүмкіндіктер туғызады. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарының әдісте- месі осы әрекетгер мен тергеу тәжірибесін зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтерге негізделе отырып жетілдіріледі. Кылмыстардың жасалу тәсілі (дайындау, кылмысты жасау, оның ізін жасырудағы белгілі бір кылмыстың элементі бар әрекеттіңжиынтығы) туралы теориялык ілім әдістемеден белгілі бір орын алады. Қылмысты жасау және оның ізін жасыру тәсіл- дері объективтік және субъективтік факторларға байланысты. Объективтік факторларға қылмыскердің әрекет ететін жері, орны, субъективтік факторларға, қылмыс субъектісінің жеке ба- сының касиеттері - оның білімі, талабы, әдеті, дағдысы, мінез- құлқы жатады. Объективтік факторлар сияқты (тәрізді) субъек- тивтік факторлар да кездейсоқ және үздіксіз эсер етуі мүмкін. Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесі ұсыныстарының тиімділігі қылмыстық әрексттерді тергеу және ашу барысында тергеуші мен жедел-кызметкер- лерінің өзара бірігіп мәселслерді шешуіне байланысты өзара әрекет етуді ұйымдастыру - көбінде аныктау және алдын ала тергеу нәтижелілігін, сондай-ақ жүргізілетін тергеу әрекеті мен жедел-іздестіру шараларыныңтиімділігін анықтайды. Бұл қыз- меткерлердің өзара бірігіп немесе келісе отырып әрекет етуі, кажетті ақпаратгар мен мәліметтерді өзара алмастыра пайдалан- уы іс бойынша көп күш кетірмей барынша жаксы нәтижеге жетуге мүмкіндіктер береді. Қылмыстылықпен күрес жүргізуге қоғамды тарту кримина- листикалык зерттеу әдістемесінін объектісі болып табылады. Оларды пайдалануда қойылатын талап кылмыстык іс жүргізу кодексінде қарастырылған. Тергеуші кылмысты тергеу мен оның алдын алуға қоғамды тарту барысында азаматтардың 333
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==