Криминалистика
• криминалистиканың, криминалистикалык техниканың, криминалистикалык тактиканың жалпы теориясының ереже- лері, криминалистикалык-үйымдастырушылық ережелері; • қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алу тәжірибесі; • қылмыстарды тергеу кезінде пайдаланылатын баска да ғылымдардын (сот-медицинасы, психология, криминология және т.б.) жекеленген ережелері жатады. §2. Қылмыстардың жекеленген түрлерін және топтарын тергеу әдістемесінін пәні мен қағидалары Барлық кылмыстарға тән жалпы (ортақ) белгілердің болуы, оларды тергеу әдістемесінде жалпы зандылықтардың болуынан көрініс табады. Сондықтан да кылмыстардың әрбір түрлері мен топтарын тергеу кезінде олар накты әдістеменің ерекшелік- теріне қарамастан жалпы кағида талаптарына сәйкес келуі тиіс. Қағида деп - белгілі бір ғылыми теорияда басшылыққа алатын негізгі идеяларды айтамыз. Криминалистикалык әдістеменің қағидасы - қылмыстық жауаптылыққа тартылатын әрекеттерді тергеуді жүзеге асыратын жәнеде ұйымдастыратын ережелердің жиынтығы. Криминалистикалык әдістеменің қағидалары: жалпы, жеке, арнайы — деп үш топка бөліп қарастырылады. Жалпыга — кылмыстардың жекеленген түрлері мен топта рын тергеу әдістемесінің зандылыктарын сактау; теория мен тәжірибенін біртүтастығы; қылмыстық әрекеттердің жекелен ген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің максаттылығы; олардың тергеудегі тәуелсіздігі; мамандандырылуы жатады. Жеке қагидаларга — қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемелерінің: ғылымилығы, тиімділігі және құрылымдылық біртұтастығы; олардың жоспарлык негізі мен кезеңділігі, ситуациясы, көп кырлылығы және нақтылығы жа тады. Арнайы қагидалар - көп дәрежелі, олар мазмұны бойынша әр түрлі және қылмыстардың жекеленген түрлері мен топта рын тергеу әдістемелерінің негізгі бастауларынан тұрады. Қылмыстык әрекетгердің кез келген түрін тергеу міндетті түрде заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Зандылық- тың сақталуын қамтамасыз ету үшін келесі талаптарды қатаң түрде орындау кажет: 331
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==