Криминалистика

Жеке әдістемелер - бөлшектенуіне байланысты бір сатылы, екі сатылы және т.б. болып келеді. Мысалы: жымқыру жолы- мен жасалған мүлікті ұрлау қылмысын тергеу әдістемесі — үй- жайларда, ғимаратга жасалған ұрлықты тергеу әдістемесі жәнс қалтаға және т.б. түсу жолымен жасалған үрлық қылмысын тер ­ геу әдістемесі болып бөлінеді. Тәжірибедегі нақты қылмыспен күрес жүргізуге байланыс ­ ты бөлшектеу әдістемелерін өндеу қажеттілігі туындайды. Бұл бөлімнің негізгі міндеті — қылмысты тергеу мен оның алдын алу әдістерін өндеу және жұмыс барысында кримина- листикалық техника мен тактиканың әдіс-тәсілдерін неғүрлым тиімді пайдалану болып табылады. Оны шешу мәселесі тергеу тәжірибесіндегі ғылыми-техникалык кұрал-жабдықтар мен тәсілдерді (сонымен қатар, қылмыстық әрекеттерді жасау мен оның ізін жасыру тәсілдерін) пайдалану дағдысын ескере оты- рып, ғылыми талдаулар жасау негізінде жүзеге асырылады. Тер ­ геу әдістемесінің құндылығы тергеу жұмысының әдістері мен формаларын жан-жақты талдаумен, сондай-ақ криминалисти- каның соңғы жетістіктерінің нәтижесімен анықталады. Ол кыл- мысты тергеу мен ашу процесі барысында тергеушіге тергеу ісін неғұрлым тиімді ұйымдастыруға, жіберілуі мүмкін кемшілік- тердің, сонымен қатар уакытты бос өткізудің алдын алуға көме- гін тигізеді. Криминалистикалық әдістеменің арнайы мәселелеріне (міндеттеріне) келесілерді жатқызуга болады: • қылмыс пен кылмыстылықтың криминалистикалық бағы- тын (позициясын) зертгеу; • кылмыстардың әр түрлі топтары мен түрлерін тергеу жо ­ лымен ашу және алдын алудың нәтижелі тәжірибесін зерттеу мен талдап корыту; • жасалған кылмыстық жауаптылық әрекеттері бойынша тергеуді ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жалпы заңдылық- тарын анықтау; • тергеуді ұйымдастыруды жүзеге асыру, сонымен катар кыл- мыстардың жекеленген түрлері мен топтарын алдын алудағы ғылыми негізделген әдістемелік үсыныстар қүрастыру. Криминалистикалық әдістеменің кайнар көздеріне: • кылмыс құрамының белгілерін, сонымен катар кылмыс- тық істер бойынша тергеу барысындағы дәлелдеу пәні мен шектерін анықтайтын қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу зандарының нормалары; 330

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==