Криминалистика
Қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемесінің жалпы ережслерінің құрылымына төмендегідей мәселелер кіреді: - криминалистикалыкәдістеменің ұғымы, пәні; әдістеменің криминалистиканың баска бөлімдерімен өзара байланысы; кри миналистика жүйесіндс әдістеменің маңызы мен рөлі; - анықтауға жататын мән-жайлардың үғымы мен мазмұны; - қылмыстардың криминалистикалык сигіаттамасының ұғымы, мәні және мазмұны; - тергеу ситуациясының түсінігі мен мәні; - тергеу кезендерініңтүсінігі; әрбір кезеңнің міндеттері мен жалпы сипаттамасы. Жеке әдістемелер - бүл кылмыстардың накты түрлері мен топтарын тергеудің ұсыныстары, бағдарламалары болып табы- лады. Жалпы ережелер мен жеке әдістемелер өзара тығыз бай- ланысты, олар алдын ала тергеудің сапасын арттыру мәселе- лерін, сондай-аккылмыстылыкпен күресті күшейту міндеттерін көздейтін ұсыныстардың ғылыми негізділігін көрсетеді (жалпы негізділігінен тұрады). Жеке әдістемелер өз кезегінде мынандай 2 топқа бөлінеді: - типтік; - ерекше. Алғашқылары қылмыстык занда көзделген қылмыстардың жекеленген түрлері бойынша құрылған және қылмыстық жа- залайтын әрекет түрлерінің санына сәйкес келеді. Қылмыстар- дың жаңа түрлерінің пайда болуы жеке әдістемелердің өнделуін кажет етеді. Декриминализация өз кезегінде әдістемелер саны- ның азайуына әкеп соктырады. Казіргі іс жүзіндегі кылмыстық заңға қылмыстық топтың оншақты түрі мәлім. Ерекше жеке әдістемелер — бүл бастапқы белгілерден ерекшеленетін басқа белгілердің бөліну негізінде кіретін әдістемелер: • кылмыстың жасалу орыны бойынша (темір жолда; су көліктерінде және т.б.); • қылмыскердің жеке басынын сипаттамасы бойынша (кәме- летке жасы толмағандардың, рецидивистердің, әйелдердің); • кылмыстык әрекстті жасау сәтінен бастап өткен уақыт мөлшері бойынша (бүрынғы жасалған кылмыстар); • тергеуге қатысатын тергеушілердің саны бойынша (тергеу әрекетін бригадалык әдіспен жүргізу әдістемесі). 329
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==