Криминалистика
нақты криминалдык қүбылыстарды ескерту, алдын алу шара- ларын анықтауға мүмкіндіктер береді. Нақты айтқанда, жеке- ленген кылмыс түрлері мен топтарының жалпы белгілері тер- геу әдістемесі негізделетін фундаментті қүрайды. Қылмыс белгілерінің жалпылығы олардың әр кайсысының жекелігін жоққа шығармайды. Сондықтан да тергеу әдісте- месінде әрбір накты іс-әрекетті тергеуге қатысты нұскаулар жоқ және болуы да мүмкін емес, әдістеме — жекеленген қылмыс түрлері мен топтарының жалпы белгілеріне сүйене отырып бар- лык қылмыстық әрекеттерге тән сипатгамаларды анықтайды және де оларға сәйкес ұсыныстар береді. Бірақ, тергеуші олар- ды нақты бір кылмыстық істегі ерекшеліктерді ескере отырып қолдануы тиіс. Әдістеме үсыныстарын накты бір кылмыстық істі тергеуге механикалык қолдану - тергеушінің кылмысгы ашу мен тергеу жұмыстарын жүргізуін қиындатады. Демек, крими- налистикалық техника мен криминалистикалық тактикадағы қылмыстык оқиғалардың жекеленген түрлері мен топтарының тергеуге катысты мәліметтері мен оларды мақсатгы пайдалануға бағытталған әдістеме жөніндегі ұсыныстарды жинақтайды. Осыған байланысты криминалистиканыңтөртінші белімі - адам өлтіру, зорлау, тонау, ұрлык жасау және т.б. әрекеттерді тергеу әдістемелерін мазмұндайтын біркатар тараулардан тұра- ды. Бір Караганда бұл бөлім, яғни кылмыстыңтүріне байланыс ты тергеу - жинакталған әдістемені құрайтын тарау ре-тінде көрінуі мүмкін. Мұндай көзқарастар тергеу әдістемесінің ғылы- ми тұтастығын және ғылыми құндылығын толығымен бейне- леуді, сонымен катар кез келген кылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді ғылыми түрде ұйымдастыруға негізделген жалпы зандылықтарды көрсетпейді. Қылмыстардың жалпы белгілерінің болуына негізделе оты рып, бүл бөлім қылмыстық істің кез келген түрі мен тобына қатысты сұрақтарды дұрыс шешуге байланысты манызды мәселелерді зерттейді. Олай болса, криминалистиканың «кри- миналистикалық әдістеме» деп аталатын бөлімі келесідей екі бөлімнен тұратынын көрсетеді: • криминалистикалык әдістеменің жалпы ережелері; • қылмыстардың жекеленген түрлері мен топтарын тергеу әдістемелері. Жалпы ережелер - бүл криминалистикалык әдістеменің (жүйесі, міндеттері, ғылымның баска түрлерімен байланысы жрне т.б.) теориясы. 328
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==