Криминалистика

яғни оған ұсынылған материалам ғана зерттегеніне, ұсынылған объектінің алмастырылып кетпегендігіне назар аудару қажет. Сонымен қатар, сарапшы сүйенген бастапкы теориялық қағида- лардың, оны қолдану әдісінің дұрыстығы, жүргізілген зерттеудің толықтығы, кылмыстык істің нақты деректермен және сарап- тамалық зерттеу нәтижелерімен тұжырымдаудын негізділігі тексеріледі. Сарапшының тұжырымдары айкындығымен, жауаптарының оның алдына қойылған мәселелермен сәйкес, істегі басқа дәлел- демелерге кайшы келмейтіндігімен бағалануы шарт. Егер сарап- шының түжырымдары айкын болмай, кайсыбір сезік келтірсе тергеушінің (соттың) бұл туралы сарапшыдан жауап алуына ғана емес, сондай-ақ сарапшыдан бүрынғы жасаған тұжырымдарын толықтыруын талап етуге кұкылы (егер қосымша зертгеу жүр- гізуді талап етпесе). Сарапшының қорытындысын тексерген кезде тек оның тұжырымдарына ғана емес, сонымен бірге зерт ­ теу бөлігінін мазмұнына да назар аудару қажет. Бұл сарапшы- ның қорытындысының өзінде қайсыбір ішкі карама-қайшылық- тардың жоқтығын тексеру үшін де керек. Қорытынды мен бас ­ ка айғақтардың арасындағы аталған іс жөніндегі карама-кай- шылықтарды байқаған жағдайда қолдағы барлык деректерге сүйене отырып, мұның сарапшының кінәсінен немесе баска дәлелдемелердің жаңсақтығынан кеткендігін аныктау кажет. Сонымен қатар, сарапшының қорытындысы мен іске катыс- ты басқа деректердің арасындағы анықталған қарама-кайшы- лыктыңәлі сарапшы тұжырымынын жартыкештігін куәланды- ра алмайтындығын ескерген жөн. Карама-кайшы деректер кан- шалыкты дүрыс сиякты көрінгенімен, олар нак осылайша оқиға болған жерді карауда жіберілген кемшіліктерді, оның жекеле- ген нәтижелеріндегі, куәлардың жауаптарындағы сезік келтірген сәттерді жаңадан тексеруді қажет етеді. Егер сарап ­ шы өзіне жүктелген міндетті толықатқара алмаса, мысалы: жеке накты белгілерін анықтаудың орнына, сарапшы салыстырыла- тын объектілердің туыстык (топтык) ұқсастық белгілерін ғана назарға алса, онда мұндай қорытыңдының сипаты туралы шешім кабылдамас бұрын сараптаманың корытындысын теріске шы- ғару керек пе, жок әлде оны екінші рет тағайындау кажет пе немесе бұл түжырымды жанама дәлелдеме ретінде пайдалану керек пе (калыптаскан жағдайдың себебін) сарапшының өкілеттігінің жеткіліксіздігін немесе бұл мәселені ғылыми акикат тұрғысынан шешудің мүмкін еместігін аныктау қажет. 326

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==