Криминалистика
Сарапшыға сараптама жасауға жіберген материалдармен та- нысуға ғана мүмкіндік берілмей, сонымен бірге қажет жағдай- ларда оның істегі баска да жайттармен танысуына қолайлы мүмкіндік тудырылуы тиіс. Мұндай кездің бәрінде де тергеуші (сот) сарапшының істегі қандай жағдайлармен және қандай де- ректермсн таныстырылуы тиістігін мұқият ойластыруы керек. Егер сарапшы материал қорытынды тұжырым жасауға жеткіліксіз деп есептесе, оның қосымша материалдар беруге ұсыныс немесе тергеушіге қорытынды тұжырым жасаудың мүмкін еместігі туралы жазбаша түрде хат жолдауына қүқығы бар. Қылмыскерді тергеуші сараптама тағайындағандығы тура лы қаулымен таныстыруы тиіс. Ал егер адам әлі қылмыскер деп танылмай, тек сезікті ғана болса, онда оны да мүмкіндігінше аталған каулымен таныстырған жөн. Занда каралған тәртіп бо- йынша сараптама тағайындағанда оған айыпкердің корғаушы- сы да қатыса алады. §5. Сот сараптама жүргізу эдістемелері Сараптамалықзерттеудің калыптасқан процесі өзінің міндет- тері, оны жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдері бар, сабактас- тырыла жүргізілетін бірқатар кезендерден тұрады. Жалпы ал- ғанда, сараптамалық зерттеуді - дайындалу, объектілерді бөлшектеп жеке-жеке зерттеу, салыстырып зерттеу, зерттеудің нәтижелерін синтездеу мен бағалау, зертгеу нәтижелерін бекіту сиякты кезендерге бөлуге болады. Дайындалу ксзеңі - сараптамалык карау, бастапкы акпарат- тармен және материалдармен танысу, міндеттерді айкындау, зерттеу объектілерін қарау, материалдардың жеткіліктілігін аныктау, зерттеу жоспарын жасау кезеңі. Бөлшектеп зерттеу кезеңінде оның мәнін, сапалык және сан- дық анықтылығын, объектінің құрылымының шығу және өзге- ру сипатын ашу максатында эр сараптама объектісінің жалпы және жеке белгілері мүкият талдана зертгеледі. Осы кезенде зерттелетін объектілер және салыстыру үлгілері жеке-жеке каралып зерттеледі, әр объектіге тән идентификациялық белгі- лер сарапталып алынады. Қажетгілік туған жағдайда әр түрлі сараптамалык экспсрименттер жүргізіледі, объектіні механика- лық бөлшектеп зерттеу әдісі колданылады. 323
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==