Криминалистика

дын ала зерттеуді тергеушінің өзі немесе ол оны бұл бағытта молырақ тәжірибе жинактаған әріптесінің қатысуымен жүргі- зеді. Зерттелетін объект міндетті түрде ешқандай өзгеріссіз, кылмыс болған сәттегі қалпынан өзгертілмей зерттелуі тиіс. Сараптаманың толық және айқын да дәл тұжырымы көбіне көп сарапшылык шешімге үсынылатын объектіге катысты сұрақтардың дұрыс койылуына, сараптама тағайындау жөніндегі қаулының және баска да материалдардың айқын дайындалуы- на байланысты. Бұл сұрактар күқықтық деңгейде бола алмай- ды, сарапшының өкілеттігінен және арнаулы білім қолдану шеңберінен шығып кетпеуі кажет. Сонымен бірге, егер зертте- летін жағдайға катысушының қүқықтық емес, негізінен техни- калық сипаттағы әрекеті (әрекетсіздігі) кайсыбір тәртіпке, нұс- кауға қатысты болса, сарапшының алдына мүның сәйкестігі (сәйкессіздігі) туралы мәселе қоюға болады. Сараптамаға материал дайындаған кезде кейде сарапшының жауап алуға, оқиға болған жерді қарауға, куәлік ету және басқа тергеу әрекеттеріне катысу қажеттігі тууы мүмкін. Мұндайда сарапшы сараптама жүргізілетін объектіге қатысты сұрақ коя алады немесе тұжырым жасауға қажетті материалдарды іске тігуге ұсыныс жасауына рұксат етіледі. Сарапшынын сарапта- маның максатына кайсыбір материалды болсын өз еркімен алуы- на кұкығы бар. Сараптамаға жөнелтілген заттай дәлелдемелер және салыс- тырма үлгілер мейлінше сапалы, дәл белгіленіп, сараптама та- ғайындау жөніндегі қаулыда айқын жазылуы тиіс. Салыстыр- малы зерттеуге қажетті үлгілер Кылмыстықіс жүргізу кодексіне сәйкес жеке тергеу әрекеті ретінде жүргізіледі. Осы орайда, графикалык сараптама тағайындағанда салыстырып зерттеуге үлгі алудың ерекшелігін айтып кету керек. Графикалык сарап- тамаға жіберілетін үлгілер еркін және эксперименталды болып екі түрге бөлінеді. Қылмыстык іс қозғалмай түрғанда және іске байланысы жок құжаттағы колжазбалар еркін жазылған үлгі деп саналады. Арнайы сараптама үшін алынған графикалык таңба- лар эксперименталды деп есептеледі. Басқа үлгілерді алу ма- манның (айталык, судың, ауанын, қанның, тіс сынықтарының және басқаларының үлгілерін алғанда) қатысуымен жүзеге асы- рылады. Үлгілер алу процесі хатталып қана қоймайды, сондай- ақ фотосуреттердің, бейнетаспалардың, кинотүсірімдердің көмегімен толықтырылады. 322

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==