Криминалистика

болған жағдайда сот-медициналық сараптамасы, ал іске қаты- насы бар адамдардың есі дұрыстығы және психологиялық жағ- дайын анықтау керек болса психиатриялықсараптаматағайын- далады. Жол-көлік оқиғасын тергегенде осы окиғаға катынасы бар автокөліктердіңтехникалық жағдайын, оның механизмдерінің бүзылған-бұзылмағандығын және қай уақытта бұзылғандығын (окиғадан бұрын ба, кейін бе), оқиға болар алдында автокөліктің кандай жылдамдықпен жүріп келгендігін аныктау үшін сот-ав- тотехникалық сараптамасы тағайындалады. Осымен қатар, сот- автотехникалықсараптамасын тағайыңдау арқылы автокөліктің жолдан шығып кету, аударылу себептерін және апаттың меха ­ низма, динамикасын да шешіп, анықтайды. Техникалық қауіпсіздік немесе еңбекті корғау ережелерін бұзу салдарынан апат болып, адамдар қайғылы жағдайларға ұшыраса, техникалық-сараптама тағайындалады. Экономика саласындағы қылмыстар бойынша сот-есептік, сот-технологиялық, тауартанушылық, сот-экономикалык сарап- тамалары тағайындалады. Сот-есептік сараптамасында белгілі мекемеде (кәсіпорында) жүргізілген есеп жұмыстарының жал- пы жағдайы, оның нормативтік ережелерге сай жүргізілуі анық- талып, шешіледі. Технологиялықсараптама кәсіпорындарда (фабрика, зауыт- та) өндіріс үстінде белгілі бір өнімді шығаруға арналған техно- логиялык тәртіп толықсақталды ма, нақтылы кандай ережелер- дің бұзылғандығын анықтайды. Шығарған өнімнің, заттың са- пасының тиісті стандартқа сәйкестігі, оның бағасының дұрыс белгіленуі сот-тауартанушылық сараптамасымен анықталады. Өндіріс орнының экономикалык жағдайын, өнім шығарудың дұрыс жоспарлануын және кәсіпорынның жалпы сипатын сот- экономикалык сараптамасы арқылы анықтап білуге болады. Құрылыс саласындағы кылмыстар бойынша құрылыс-тех- никалык сараптама тағайындалса, ауылшаруашылық секторын- да жасалған кылмыстар бойынша агротехникалық, зоотехника- лық және сот-мал дәрігерлік сараптамасы тағайындалады. Соңғы жылдары белгілі бір адамның калдырған иісіне және бұл иістің кандай иіс шығаратын заттармен калдырылғанын аныктауға байланысты күрделі міндеттерді зерттейтін одороло- гиялық зерттеу әдісі дами бастады. Шешілетін міндеттер мен ол міндеттердің шешілу жолдары- на карай сот сараптамасы идентификациялық және идентифи- 317

RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==