Криминалистика
көлік құралдары, олардың сырткы ортада бейнеленуі, құжаттар мен олардың мазмұндары болуы мүмкін. Сараптамалық бейне мен объектініңөзіндік ерекшелігі оның, яғни зерттеудің кұрал-жабдыктары мен олардың қолданылуы- ның, жаратылыстану ғылымы мен техника ғылымының өзара үйлесімділігініңөзіндік әдістемесін талап етеді. Аталған әдістер мен құралдар, әдетте, зерттелетін объектінің сипаты мен зерт- теу мақсатына орай колданылады. Сот сараптамасы әр түрлі негіздеріне карай жіктеледі және жіктелу деңгейі де әр түрлі болады. Объекті мен бейненің өзіндік сипатына байланысты пайдаланылатын білім: криминалистикалық, сот-медициналық, сот-психиатриялык, сот-психологиялык., сот-фармацевтік және фармакологиялық, сот-биологиялық, сот-мал дәрігерлік, химия- лык, физика-техникалык, техникалық және технологиялық, тауартанушылык және тамак өнімдері, бухгалтерлік, экономи- калык, экологиялык және баска бірнеше түрлерге бөлінеді. Сондай-ақ материалдарды, заттарды, бұйымдарды зерттеу си патына қарай криминалистикалық-сараптық жеке топка іріктеледі. Сөйтіп, жоғарыда аталған сараптамалар әр түрлерге, жіктерге, тіпті, жікшелерге бөлінеді. Айталық, криминалисти- калыксарагітаманың өзі зерттеу объектілеріне байланысты тра- сологиялық, сот-баллистикалык, графикалық зерттеу, құжат- тарды сот-техникалык әдістермен зерттеу, сот-портретті, сот- фоноскопиялык, қопарғыш құралдарды зерттеу, заттарды және бұйымдарды криминалистикалық зерттеу сияқты болып жеке түрлерге бөлінеді. Әр түрлі материалдарды, заттар мен бұйымдарды, бояулар- ды, зерттеу сараптамасын кейінгі, оқу әдебиеттерінде және са- раптамалыктәжірибеде криминалистикалықсараптама қатары- на жаткызып жүр. Бұл айтылған сараптамаларды жүргізгенде химиялық-биологиялық, физикалык әдістер, құрал-саймандар қолданылатындыктан оларды криминалистикалық сараптама деп санауға толық негіз жоқ. К,ай ғылым саласының әдіс-тәсілі қолданылса сараптамада соның атымен айтылуы тиіс деп санай- мыз. Міне, осыған байланысты әр түрлі сот сараптамалары таға- йындалады. Адамның өміріне, денсаулығына және адамгершілігіне бай ланысты кылмыстык істер бойынша, айталык өлімнің себебін, дене жарақатының сипатын, оның ауырлығын аныктау; қажет 316
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==