Криминалистика
ететін мәселелерді шешу заңгердің өкілеттігіне жатпайды. Тек жоғары білімге коса арнайы дайындыктан өткен криминалис- тикалық сараптамалык зерттеу өткізу әдісін меңгерген заңгер ғана мұндай зертгеулерді жүргізе алады. Кейде тергеушінің са- рапшылык әзірлігі болуы, бұрын сарапшы-криминалист қызметін атқаруы да мүмкін. Мүндай жағдайда, соған қарамас- тан, тергеуші арнаулы криминалистикалық мәселелерді өз еркімен шеше алмайды, өйткені бір адам әрі сарапшы-крими- налисталык өкілетгікті, әрі тергеушілік өкілеттікті катар атка- руына рұксатетілмейді. Кейбір объектілерді, айталык, кұжаттарды сотта карағанда, үлгілерді іріктегенде белгілі бір криминалистикалык әзірлігі бар тергеуші, әдетте, бұған маман-криминалист шакырылатын мәселелерді өз еркімен шешуі мүмкін. Занда көрсетілгеңдей, маман-криминалист қылмыстык іс жүргізуші жеке тұлға, әйтсе де ол іске тергеушіге көмектесу үшін ғана катыстырылады. Сон- дықтан ол өз алдына қылмыстық іс жүргізу құжаттарын толты- ра алмайды, онын тұжырымдары ғана тергеу әрекеті жөніндегі хаттамаға енгізіледі. §2. Сот сараптамасынын түрлері Сараптама - қылмыстык немесе азаматтық істерді дұрыс шешуде маңызды, нақты деректер мен жағдайларды анықтау мақсатында тергеушінің (соттың) тапсырмасымен заттай дәлелдемелерді және материалдарды зерттеуге сарапшы (арнау лы білім иесі) қатыстырылатын іс жүргізу әрекеті. Сарапшы бейнесі тиісті арнаулы білімнің көмегімен алдын ала және сот тергеуінде зерттеліп, анықталатын ерекше фактілерді (істің жағдайын) қалыптастырады, тергеушінің (сот- тын) коз алдына әкеледі. Эр сот сараптамасының өзіндік ерек ше зерттеу сипаты болады. Айталык, сарапшы- криминалист, көп жағдайда, адамды, малды, кылмыс жасалған кару мен кұрал- ды оның сыртқы түрі бойынша бейнелейді. Сараптаманың объектісі - қылмыстық іске катынасы бар, арнаулы білім арқылы зерттелуге тиісті фактілер, оқиғалар, зат- тар. Сарапшының алдына койылған міндетгер нақ осы фактілер мен окиғалар арнаулы білім колдану арқылы зерттеліп орында- лады. Сараптамалық объектілер адам және оның шырғалаң іздері, мәйіттер, малдар мен олардың іздері, агрегаттар, әр түрлі 315
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==