Криминалистика
жайы жөніндегі мәліметтерді арнайы зерттеу, сараптауда ғылы- ми-техникалық тәсілдер мен әдістер колдану арқылы алуға бо дал ы. Осы тұрғыдан алғанда объективті дәлелдемелерді алудың бірден-бір жолы — істің мән-жайын анықтауға ғылыми-техни- калык немесе басқа да арнаулы білімдерді колдану. Тергеу кезінде арнаулы білім қолданудың екі түрі бар: бірі — тергеу әрекеттерін жүргізгенде істің кейбір мән-жайын анык- тау үшін арнайы білімі бар маманды катыстыру да, екіншісі - сотсараптамасын тағайындау. Тергеу әрекетіне, атап айтқанда: окиға болған жерді қарауға, тергеу экспериментін жүргізуге, т.б қатынасқан маман арнайы жеке қүжат жазбайды, өзінің ар наулы білімін колдану арқылы анықталған істің мән-жайларын, осы жөніндегі пікірін тергеушіге хабарлайды, оның тұжырым- ды қорытындысы тергеу әрекеті бойынша тергеушінің жазған хатгамасында көрсетіледі. 1с бойынша сараптама тағайындал- ғанда арнаулы білімі бар маман-сарапшы өз мамандығына бай- ланысты сұрактарын зертгеулер жүргізу аркылы жеке акт(коры- тынды) жазып береді. Тергеу және сот үстінде арнаулы білім қолданудың екінші түрі — сараптама тағайындау. Сараптама деген термин латын тіліндегі «expertus», яғни білгір, арнаулы білім, тәжірибе деген сөздерден туындайды, Сондыктан істің кейбір мән-жайларын анықтау үшін арнаулы білім колданып, зертгеу тәжірибелерін жүргізу керек болса сот сараптамасы тағайындалады. Кейбір заң әдебиетінде сараптама деген терминнің орнына сарапшылықдеген сөз қолданылып жүр. Сарапшылықдеген бұл тергеу әрекетінің мағынасына, түсінігіне толық сай келмейді. Жоғарыда айтқандай, экспертизаның мақсаты сараптау емес, арнаулы білім, арнайы әдіс, күрал-саймандар қолдану арқылы зерттеу. Міне, осыған байланысты сараптама жүргізу процесін экспер ттік зерттеу ят атайды. Осындай зерттеу үстінде кейбір объсктілерді, заттарды, т.б. жіктеп, іріктеп сараптауға да тура келеді, бірақ бұл тергеу әрекетінің негізгі міндеті, жоғарыда айткандай, сараптау емес арнаулы білім қолдану. Көп мемле- кетгерде тергеу үстінде осыңдай тергеу әрекеті жүргізіледі және оны сот экспертизасы деп атайды. Сондыктан сот экспертиза- сы деген термин халыкаралык деңгейде толык қалыптаскан тер мин. Сараптама тағайындау, сараптамалық зерттеулер жүргі- зудің теориялык және тәжірибелік мәселелерін окытатын ар- 313
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==