Криминалистика
көрінбейтіндей етіп жасырылады. Содан соң жедел топ мүшелері үйге елеусіз жақындайды. Үйге кірерде кылмыскер немесе оның туысқандары сезіктенбеуі үшін көмекке үй басқармасының немесе баска мекемелердін кызметкерлерін көмекке шақырған жөн. Үйге кіру үшін одан біреудің шығатын немесе кіретін сәтін күту керек. Бұдан әрі полиция кызметкері алдын ала жасалған, кейін үйге кірер алдындағы жағдайға байланысты пысықталған жоспар бойынша әрекет етеді. Үйге кірісімен, топ мүшелері ең алдымен қылмыскерді қарусыздандыруға ұмтылады, содан соң ұстайды. Тергеуден қашып жүрген кылмыскер, егер оны көзімен көргендер немесе жәбірленушілер кылмыс жасаушыны тікелей көрсетсе, қылмысын өтеп отырған жерінен қашып жүргендер назарға ілінсе, сондай-ак ұрлаған затгарын тасып бара жаткан, базарда, сауда кәсіпорындарында, баска да елді мекендерде са- тып жүрген кезінде ол алдын ала дайындықсыз ұсталады. Аталған жағдайларда, ауыр қылмыс жасағандардың карулы қарсылык көрсетуі мүмкін екендігін естен шығаруға болмай- ды. Сондай-ақ, кылмыстың басқа түрін жасағандар да белгілі бір дәрежеде карсылык көрсетері сөзсіз. Сондыктан кылмыс- керді ұстауға әзірленген топ қарсылықтың кандай түріне бол- сын дайын тұруы керек. Сонымен бірге соңына әлдекімдердің түскенін сезген қылмыскердің ізін жасыруы үшін ешқандай әрекеттен тайынбауы мүмкін. Полиция қызметкері кылмыскердің соңына ол жасырынуы мүмкін бағытпен түседі. Ұстау мақсатында кылмыскердің кыл мыс жасаған жерден алған көлік кұралдары туралы, басқа да мәліметтер пайдаланылады. Кылмыскер уақытөткізбей, жедел ұсталуы тиіс. Ол үшін ізге түсетін арнайы топ құрылады. Ол топ жер ыңғайын, қосымша кұрылыстарды зерттейді, жол бойын- дағылармен, қарсы кездескен автокөліктің жүргізушілерімен, жолаушылармен сөйлеседі және жағдайға орай әрекет етеді. Қауіпті қылмыскерді ұстау мақсатында ішкі істер бөлімдерінің бастықтары кылмыскер шығып кетуі мүмкін басты-басты жол- дарды (теміржол бекеттерін, аэропортгы, көлік жолдарындағы тоқтайтын жерлерді, т.б.) күзету үшін жедел топ жібереді. Егер ізге түсу кезінде кылмыскердің бір объектіге кіргені туралы хабар келсе, ол объектінің кіретін және шығатын жерлері бакылауға алынады, кажет болса із кесетін итгер әкелінеді. Со дан сон полиция қызметкері жағдайға орай объект ішіне кіріп, 311
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==