Криминалистика
ды, ал үшіншісі каруын әзірлеп, қандай жағдайға болсын да- йын тұрады. Өйткені, кылмыскер карсы қарулы әрекет жасауы немесе бойындағы заттай дәлелдемелерді, құжаттарды жок қылып жіберугетырысуы әбден мүмкін. Мүндайда, әрине кыл- мыстының күш-кайратын алдын ала ескеріп, оған сан жағынан да, айла жағынан да басым күшті жұмылдыру кажет. Бір топ кылмыстыны ашық жерде үстау үшін де жеке қыл- мыстыны ұстағандай әдіс колданылады, тек одан өзгешелігі әр қылмыскерді ұстауға жедел топтың жеке арнаулы кызметкері бөлінеді. Жедел топтың жетекшісі, мейлінше, ұтымды сәтгі күтіп, сол сәт соққанда кимылға кірісуге бүйрык береді. Оның қарауында кез келген уақытта көмекке ұмтылатын қосымша күш әзір тұрады. Саябақтағы орманды алаңқайда, орман ішінде, далалык жер- лерде кылмыстыны үстаудың өзіндік ерекшелігі бар. Мұндай жерлерді сүзіп шығуға тура келеді. Ол үшін аталған аумаққа алдын ала оған кіретін жолдардың бәрі анык көрініп түратын- дай етіп бақылаушылар коршай орналастырылады. Бұл жер учаскелерге бөлініп, топ мүшелеріне кесіліп беріледі. Бір- бірімен, әсіресе кешкі және түнгі сағаттарда байланысып тұру үшін топ мүшелері арасында құпия хабарласу белгісі белгіленеді. Аталған жерді сүзіп шығу алдын ала келісілген белгі және бағыт бойынша қатаң тәртіппен басталады. Жедел топтың мүшелері жыра, шұңқыр, сондай-аққалың шөп, жыңғыл өскен, баска да жасырынуға ыңғайлы жерлерді сүзіп, қылмыскердің қалдырып кетуі мүмкін іздерін, шындықты ашуға себепші әр түрлі заттарды (темекі тұқылын, шырпы корабын, бүктеме қағаз- дарды, т.б.) іздейді. Із кесетін иттердің қимылындағы өзгерістерді қалт жіберуге болмайды. Сондай-ақ құстардың әдеттен тыс ма- засыздануына да назар аударған жөн. Өйткені сол арқылы кылмыскердің кай жерге тығылғанын, қайда бет алғанын бол- жауға болады. Жерді сүзіп шығатын топтың қүрамына сол ай- мақты жаксы білетін адамдар енгізіледі. Егер тексерілетін учаскелердің бірінен қарсылық байкалса, басқа у часкедегі топ- тар алдын ала келісілген жоспар бойынша әрекететуге міндетті. Қылмыскер көп жағдайда кылмыс жасауға бара жатқан жерінде үсталады. Мұндайда кылмыс жасау ниетімен бағыттүзе- ген адамның соңына бақылаушы, қылмыс жасалуы мүмкін жер- гс коршау қойылады. Өйткені жедел топтың назарына ілікпеген сырт күштің де қылмысқа араласуы мүмкін. Қоршау, міне осын- дай әрекетгің алдын алуы тиіс. 309
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==