Криминалистика
керді көзбе-көз көргендердің, жәбірленушілердің, қоғамдық өкілдердің, лауазымды адамдардың көмегі де пайдаланылады. Мұндайда көмектесушілерге қылмыскердің ешқандай зақым келтірмеуі үшін полиция қызметкерлері барлық қажетті шара- ларды колдануы керек. Полиция қызметкерлерінің қылмыскерді ұстайтын жерге қандай көлікпен, қандай жолмен жүріп баратыны да жоспарла- нады. Және мұны жоспарлағанда қылмыскердің полиция қызметкерлерін жол үстінде баска жолаушылардан айырып, танып қалмайтынына айрықша назар аударылады. Көлік, бай- ланыс құралдары тиісті жерге дер кезінде жеткізіліп, көзден тасаландырылады. Бұған коса қылмыскерді ұстағаннан кейін көлік түрған жерге, одан соц полиция бөлмесіне жеткізетін жол белгіленеді. Өйткені сыбайластарыныңжолшыбай қылмыскерді туысқандарымен және басқа да таныстарымен кездестірмеуі үшін мұның маңызы зор. Бір мезгілле әр жердегі бірнеше адамды қатар үстау қажет болған кезде қылмыскерлердің бір-бірімен кездестірілмеуі көзделеді. Олар тергеу орнына әр түрлі жолмен, әр түрлі көлік- пен жеткізіледі және алғашкы тергеу жүргізілетін камераларға жеке-жеке камалады. Жоспарда сондай-ак жедел топтың қан- дай техникалык-криминалистикалық қүралдармен жабдыктала- тыны көрсетіледі. Сонымен бірге, жедел топ мүшелерінің бір- бірімен қалай байланыс жасайтыны анықталуы тиіс. Бұл мақ- сатта жедел топтың автокөлігіндегі, мотоциклдеріндегі радио- қондырғылар, жакын маңдағы телефондар және басқалары пай даланылады. Ұстауға дайындық жедел топқа нұсқау берумен аяқталады. Өйткені топтың барлық мүшелері өздеріне нақты қандай міндет жүктелгенін, яғни кімді, кашан, кай жерде үстайтынын дәл білуі керек. Ол үшін оған ұсталатын адамның барлық белгілері, бас ка да қажетті деректер толық айтылады. Егер топ мүшесінің қолында кылмыскердің суреті болса сонымен салыстырады, сондықтан мүмкіндігінше, топтың әр мүшесінде ұсталатын адамның суреті болғаны жөн. Жедел топтың мүшелері кімге, қай жерде бақылау жасайтынын, қылмыскер жасырынған жер ге кімнің, калай кіретінін, кылмыскерді қарусыздандыру үшін кандай қимыл жасайтынын, қылмыскер карулы қарсылық көрсетсе не істеу керсктігін, үсталғаннан кейін қылмыскерді қалай алып жүру кажеттігін мүкият еске токып алуы тиіс. 307
Made with FlippingBook
RkJQdWJsaXNoZXIy MTExODQxMg==